№5 балаларға қызмет көрсету кітапхана – филиалында «Ертегілер мен қиялдар әлемі» атты кітап сүйгіштерге арналған турнир өткізді. Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту, оқу дағдыларын жақсарту, кішкентай бүлдіршіндердің оқуға, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Шараға «Балдәурен» бала бақшасының сәбилері қатысып, ертегі кейіпкерлерімен безендірілген карточкалар таратылып, «Ертегідегі әуенді тап», «Ертегі шеңбері» атты музыкалық викториналарға қатысты.

IMG 20180726 WA0002IMG 20180726 WA0003IMG 20180726 WA0004IMG 20180726 WA0008

Кітаптарды насихаттап, кітапхананы жарнамалау, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту мақсатында №4 филиалдың кітапханашылары кітапхана ауласында «Кітаптар күнін» өткізді. Мақсаты: кітапхананы жарнамалау, кітаптардың кәзіргі замандағы формасын әйгілеп, оқырманға тәжірибе жүзінде көрсету, көркем және ғылыми-әйгілі әдебиеттерді оқу-өте қажет, жағымды үрдіс екендігін жеткізу. Кітапханашылар: оқу-қоғамның жай-күйі ғана емес, сонымен бірге қоғамның болашағына да қатысы бар көрсеткіш екендігін атап өтті.

4ff4

24 шілде күні №12 балалар кітапхана-филиалында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Шәкәрім мұрасы – өшпес ғұмыр» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: өскелең ұрпақты рухани және адамгершілік бағытта тәрбиелеу, қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ойшыл, қоғам қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен шығармашылық жұмысымен таныстыру, оқырмандарды жазушының шығармасын оқуға шақыру. Шара барысында көрермендерге ақпарат беріп, түрлі жастағы оқырмандарға арналған кітаптарға шағын шолу жасалды. Биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясына енген Шәкәрімнің «Үш анық» кітабына ерекше назар аударылды. Күні бойы кітапханаға келуші оқырмандар ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен қызметі, сондай-ақ көрнекті ақын және прозалық жазушының шығармашылық мұрасы туралы кітаптар мен басқа да басылымдармен танысты.

SAM 9265SAM 9272SAM 9276SAM 9339

Мектептегі жазғы демалыста №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалының кітапханашылары «Ашық аспан аясында кітап оқу» акциясы бойынша «Орындықта кітаппен» атты әдеби отырыс ұйымдастырды. Мақсаты: балаларға бос уақыттарын әртарапта өткізу, оқуға деген қызығушылықтарын тудыру. Балалар ойындарын кейінге қалдыра тұрып, таза ауада балаларға арналған: А.С. Пушкиннің, ағайынды Грим, Г.Андерсенның, Н.Носовтардың ертегілерін оқыды. Шараға «Сен және мен, екеуіміз – әртүрліміз, сен және мен, екеуіміз- тамашамыз!» атты плакаты ұйымдастырылды.

1юнюн1

Жазғы демалыс уақытында №16 кітапхана-филиалында «Керемет қолдан - керемет заттар» атты балалар шығармашылығының аптасы өтті. Іс – шараның мақсаты: шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін, эстетикалық дәмін, сондай-ақ балаларды жобалау туралы ойлауды дамыту, шығармашылықты көрсету қабілеті. Шара барысында балалар өздерінің сүйікті кітаптарының Кітап елі арқылы қызықты саяхатқа шығып, содан кейін үлкен рахатпен түсті қағаздан және әртүрлі материалдан қолөнер бұйымдарын жасады. Шара сонында кітапхана қызметкерлері балаларға «Балалар шығармашылығы» тақырыбына қызықты кітаптар, сондай-ақ, балалар авторларының шығармаларын қызығушылық танытқан балаларға таныстырды.

знакомство с литературой по детскому творчествунеделя детского творчестваподелкиу просмотра

Яндекс.Метрика