Шілденің 13 күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында жас оқырмандарға арнап «Латын әліпбиі, мемлекеттік тілдің тірегі» атты қызықты тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты: жаңа әліпбимен балаларды таныстырып, дұрыс жазылуы мен қолдануына мән беру, қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне өтуін ортаға салып, талқылау болды. Шараға №66 орта мектебінің жазғы лагерь жанындағы 2 сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағаты барысында кітапханашылар латын әліпбиінің шығу тарихы туралы әңгімелеп берді. Балалардың назарына қазақ әліпбиінің дамуын кезеңдермен көрсететін тұсаукесер ұсынылды. Одан әрі оқушылар интеллектуалдық ойындарға қатысып, аты-жөндерін латын қаріптерімен жазып, жұмбақтар жасырып, сөйлемдер құрастырды. Шара соңында «Латын қарпіне көшу – мемлекет тапсырмасы» атты кітаптар көрмесіне шолу жасады.

DSC 0553DSC 0502DSC 0496DSC 0484DSC 0469

 

Яндекс.Метрика