№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының оқу залында М.Мамыраевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Батырды еске алу» суретті-сұхбаты өтті. Мақсаты: оқырмандарға Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз М.Мамыраев ерлігі туралы мағлұматтар беру. Кітапханашылар Мартбек Мамыраевтың ҰОС дейінгі өмір жолын баяндай келе, өз Отанын қорғауға аттанған еріктілердің бірі болғанына тоқтала кетті. Днепр жағасында ерлігімен, қаһармандығымен көзге түскен көзге түскен Мартбек Мамыраевқа Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Соғыстан кейін жерлесіміз елге оралып, еңбек етіп, Қарағандының құрметті азаматы атанып, «Құрмет орденімен» марапатталған. Мартбек Мамыраевтың өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болды. «Қаһарман ескерткіші» атты тақырыптық шолу ұйымдастырылып, 4 кітап қолға берілді.