1 тамыз күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімі «Еркетайым» балабақшасының «Жұлдыз» тобының балалары үшін «Спорт –біздің досымыз» тақырыбында әдеби-спорттық ойын өткізді. Шараның мақсаты: балалардың спортқа деген қызығушылықтарын ояту және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Кітап оқуға, ертегілер әлеміне баулу. Шара барысында балалар бөлімінің кітапханашысы Көшербаева Айзада балаларға денсаулық және спорт туралы, денсаулыққа зиянды әдеттер және салауатты өмір салты жайлы түсінік берді. Күнделікті күн тәртібін құруды және дұрыс тамақтанудың, денешынықтырумен айналысудың пайдасы туралы әңгімеленді. Әдеби-спорттық ойынға қатысушы балаларды «Денсаулық» және «Шымыр» тобына бөліп, денсаулық туралы мақал-мәтел айтып, жұмбақтар шешуден жарыс ұйымдастырылды. «Кім білгір», «кім тапқыр», «доп қуу», «би» сайыстарында балалар өте белсенділік танытты. Тік төртбұрыштарда бейнеленген денсаулыққа пайдалы және зиянды заттарды тауып көрсете білді. Кітапханашы балаларға ертегілер оқып, кітап көрмесіне шолу жасады, балалар түрлі-түсті және сөйлейтін кітаптарға деген қызығушылықтарын көрсетті.

123456678

Яндекс.Метрика