Спандияр Көбеевтің ағартушылық, педагогтік және жазушылық қызметі туралы кеңінен мағлұмат беріп, жазушы шығармаларын оқыта отырып оқушыларды ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын танып, бойларына сіңіру, өз елінің ардақты ұлдарына деген мақтаныш, құрмет сезімін тудыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында №4 кітапхана филиалында «Орындалған арман» атты кеш-портреті өтті. Кешке №137 орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар С.Көбеевтің өмірбаяны мен ағартушылық, педагогтік және әдеби шығармаларымен танысып өтті. Кітапханашы жазушының «Қалыңмал», «Орындалған армандар» романдарына ерекше тоқталып өтті. Кеш соңында оқушылар назарына «Орындалған армандар» атты бейнебаян және әдебиеттердің ашық көрсетілімі ұсынылды. Жазушының шығармалары таныстырып, үзінділер оқылды. Қатысқаны 16 адам.
6 қазан күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Сенің алғашқы энциклопедияларың, сөздіктерің, анықтамалықтарың» атты кітапхана сабағы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Шараға №52 орта мектептің 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Н.Х.Рожкова және кітапханашысы Л.Александровна қатысты. Кітапханашы Л.Ахаева оқушыларға энциклопедия, сөздік, анықтама кітаптарына шолу жасап, не үшін қолдану керек екендерін түсіндірді.Оқушылар өздеріне ұнаған энциклопедиядағы мәліметтерді оқып берді. Қойылған сұрақ-жауаптарға белсене ат салысып, өз ойларын нақты жеткізді.Әр оқушы сөздіктермен жұмыс жасауды үйренді. Кітап көрмесімен таныстырды.
Мұғалімнің қиын еңбегін бағалап, оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластық сезімін нығайту мақсатында, Ұстаздар күніне кітапхана оқырмандары үшін №16 филиалдың әдеби қонақ бөлмесінде «Менің алғашқы ұстазым» бейне-көрсетілімі өтті. Онда мұғалімнің қиын, бірақ құрметті жұмысы туралы айтылды. «Ұстаз - бұл мамандық қана емес» бейнежазбасын көрген соң, жүргізуші ежелгі кездердегі - Мұғалімдер күнін тойлау дәстүрінің шығуы туралы айтып өтті. Іс-шараның соңғы бөлігінде «Қиын сәттер» рөлдік ойын ойнатылды. Өзі қалағандар мұғалім рөлінде өздерін сынап, түрлі тапсырмаларды орындады. Мысалы, балалар сыныпта шу шығарады, балалардың назарын аударып, оларды тыныштандыру керек болды. Кітапханада мерекенің атмосферасын орнатты. Әуе шарлары, көңілді музыка - мұның бәрі Мұғалімдер күніне арналған жарқын және әдемі оқиға болды.
Мұғалімдерге құрмет көрсету белгісі ретінде №11балаларға қызмет көрсету кітапхана –филиалының жұмыскерлері оқырмандарға "Таңдау - ұстазды" атты күнтізбені ұсынды. Көрмеге көрнекті педагогтар: А. Макаренко, К. А. Ушинский, А. Раменскийдің және т.б. туралы кітаптар мен мақалалар, сондай-ақ мамандықтар туралы кітаптар ұсынылды.
4 қазан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында №95 МГ-ның 2 сынып оқушыларымен Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күніне арналған «Жануарлар кітаптың басты кейіпкерлері» атты кітап ассортиі өткізілді. Шараның мақсаты: балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, үй жануарларынан бастап жоғалып бара жатқан жан-жануарларды қорғауға, қастерлеуге үйрету, осы тақырыптағы әдебиеттерді оқуға тарту. Шарада осы айтулы күнге арнап дайындалған кітап көрмесі әзірленді. Онда басты кейіпкерлер бейнеленген көркем әдебиетте, ертегілерде, әңгімелер де және табиғат тақырыбыда бар. Сондай-ақ кітап көрмесіне көркем безендірілген жан-жануарлар, табиғат көріністері бейнеленген түрлі-түсті кітаптар да қойылды. Кітап көрмесіне ауызша библиографиялық шолу жасалды. Шара барысында жүргізуші балаларды осы айтулы мерекенің тарихымен таныстырып өтті. Бұл күн 4 қазан 1931 жылы қоршаған ортаны қорғаушылардың белсенді тобының ат салысуымен бекітілді. Кітап көрмесіне қойылған барлық кітаптар балалардың көңілінен шықты. Шара «Көңілді жан-жануарлар» сұрақ-жауап ойынымен жалғасын тапты. Қатысқаны 20 адам.