2018 жылдың 17 тамыз күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының оқу залында «Мемлекеттік тілді жаңғырту-жетістік пен даму кепілі» атты ой бөлісу мәдени шарасын өткізілді. Бұл өзекті мәселе Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан бастама алып отыр. Онда латын қарпіне көшу басты міндет қана емес, сонымен қатар Қазақстанда латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс екендігі аталып көрсетілді. Шара барысында « Латын әліпбиі: тарихи тағдыр белгісі» атты бейне-ролик көрсетіліп, «Мемлекеттік тілді жаңғырту-жетістік пен даму кепілі» атты әдеби көрсетілім ұйымдастырылды. Оқырмандармен тренинг-ойындар өткізіліп, онда олар латын қаріптерімен жазылған сөздерді оқып, М.О.Әуезовтің «Абай жолы», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітаптарынан үзінді мәтіндерді латын қарпімен жазды. Шара қызықты өтті.

111DSC 0485DSC 0501eHqwMtJcHB4

Яндекс.Метрика