11 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Тілім менің –қазынам, қасиетім»  атты мерекелік шара №41 жалпы білім беретін мектептің  2 сынып оқушыларымен өтті. Мақсаты: Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.Шараны кітапхана қызметкерлері Шакира Асетқызы мен Айзада Серікқызы  жүргізді. Қазақстан халықтарының тілдер күні, 5 ші қыркүйек тілдер күніне ауысқаны жөнінде және А.Байтұрсыновтың өмір баяны туралы ақпарат берілді. Кітапхана қызметкерінің шығармашылығы бойынша «Айлакер түлкі» ертегісі және   «Бір шаңырақ астында»  театрландырылған қойылымы қойылды. Айзада Серікқызы Астананың 20 жылдығына арнап жазған «Ең қымбаттым-өз мекенім»атты ертегісін оқып берді. «Мен ұнатқан үш пән» деп аталатын кезеңде балалар мақал – мәтелді жасырын тұрған сөзді тауып, қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде айтты, «кім жылдам» деп аталатын бөлімде сұрақ-жауаптарға белсене жауап берді. Оқушылар өздері тілдер күніне арнап шығарған өлеңдерді оқып берді.  Шарада кітап көрмесі , викториналар, ойындар өткізілді, бейне слайд көрсетілді.

DSC 0486 DSC 0540

Яндекс.Метрика