Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде
өткізілген мәдени шаралар ақпараты.
24 қаңтар күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана-филиалында «Көркем әдебиет – рухани білім көзі» атты әдеби жаңалықтар бюросы өтті. Кітапханаға келген оқырмандарды кітапханашылар қорға жаңадан келген көркем әдебиеттермен таныстырды. Оқырмандар назарына Қоңырова З. «Жүрегімнің қалауы», Көпіш Ә. «Мәңгілік мадан», Ғаббасов С. «Күпті көңіл» және тағы басқа көптеген кітаптар ұсынылды. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты: оқырмандарды жаңадан келген көркем әдебиеттермен таныстыру, кітапхананы насихаттау.
25 қаңтар күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №22 кітапхана-филиалының «DAMU KENISTIGI» коворкинг орталығында робототехника бойынша мастер-класс өткізілді. Бұл жұмысқа №8 ЖББОМ робототехника жаттықтырушысы, инженер-мұғалім Абдуллин Асхат Аманбайұлы мен сол мектептің 9-сынып оқушылары белсене қатысты. Өткізілген шараның мақсаты: балаларды жобалық ойлауға және командалық жұмысқа үйрету. Іс-шара барысында қатысушылар бағдарламалау негіздерін оқып, LEGO-дан роботты өз бетінше жинап, робот техникасы бойынша теориялық білім алды.
25 қаңтар күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында Қарағанды қаласының 85 жылдығына орай «Саттар Ерубаевтың әлемі» атты әдеби қонақжай өткізілді. Іс-шараға №65 ЖББОМ 8 сынып оқушылары шақырылды. Шараның мақсаты: жастарды дарынды жазушы С. Ерубаевтың әдеби мұрасымен таныстыру, С. Ерубаевтың өмірі мен қызметін мысалға келтіре отырып, өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу, оның шығармаларында сипатталған жалпыадамзаттық идеяларды жастарға насихаттау. Іс-шараға қарағандылық жазушы Баймұханов Мұхаметқали қатысты. Ол кісі балаларға біздің қаламыздың тарихын, оның қалыптасу және даму кезеңдері туралы қызықты айтып берді. Оқушылар мен жазушы арасында Саттар Ерубаевтың өмірі мен қызметі туралы диалог қызықты өтті. Сонымен қатар «Жастар» БЖК нұсқаушысы Н. Жұманбаева С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» кітабы туралы пікірімен бөлісті. Іс-шараға кітапханашылар жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесін, «Аққан жұлдыз жарығы!» слайдын дайындады. Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік суретіне түсті.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты.
22 қаңтарда Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында ЖОБ №43 мектептің 3 сынып оқушыларына балалар жазушысы Аркадий Петрович Гайдардың туғанына 115 жыл толуына орай «Ержүрек және батыл балалар топтары» атты кітапIQ викторинасы өткізілді. Мәдени шараның басты мақсаты жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, А.П. Гайдардың әдеби мұрасы арқылы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Іс – шара барысында интерактивті пазл «Повесттегі батырлар», «Оқиғалармен адамдар» IQ викторинасы, «15 повестегі 15 батырлардың есімдері» атты викториналар өткізілді. «Жазушы. Жауынгер. Тәрбиеші» атты кешке арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде жазушының өмірбаяны бойынша кітаптар және оның шығармалары орын алды. Кітапханашылар осы көрме алдында балаларды таңдаулы кітаптармен таныстырып, әңгіме-талқылау өткізді. Әңгіме соңында оқырмандар жазушының көрмедегі «Горячий камень», «Р.В.С.», «Чук и Гек», «Тимур және оның командасы» атты кітаптарын оқуға алды. Іс – шара соныңда викторина сұрақтарына белсене жауап берген топ дипломмен марапатталды.
22 қаңтар күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының оқу залында 3-4 сынып оқушыларымен адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында, жазушының шығармашылығымен таныстыру үшін «Он сочинял свои рассказы как бесконечную игру» атты А.П.Гайдардың туғанына 115-жыл толуына орай ойын-викторина өткізілді. Шара барысында балалар Гайдардың ерлікке толы өмірімен және оның шығармаларына түсірілген фильмдерден видео-роликтер тамашалады. Автордың «Чук и Гек» шығармасы бойынша сұрақ-жауаптарға белсене жауап берді. Кітапхнашымен бірге балалар автордың ерлік жайында жазылған шығармаларын оқып өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін және егде жастағы адамдарға деген ілтипаттарын жеткізді.
22 қаңтарда №4 кітапхана-филиалында жалпы оқырман қауымына арналған «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі: әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ұмтылу жолында» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты: әлемдегі елдердің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық жетекші рейтингі «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» (ЖБҚИ / АІЖК) қашан, не үшін құрылғанын түсіндіріп өту, Дүниежүзілік экономикалық форумның нені зерттейтінін айту, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын 12 бақылау көрсеткіштері туралы айту, инновациялық даму және адами капитал, жаңа технологияларды, идеялар мен тәсілдерді пайдалану, өндірісті жаңғырту және әртараптандыру сияқты басты факторлар есебінен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін көрсету, Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіндегі позициясын көрсету. Кітап көрмесінде оқырмандардың назарына экономиканы мемлекеттік реттеу, инновациялық экономика, Туризм экономикасы, макроэкономикалық тұрақтылық және тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі туралы әдебиеттер ұсынылды
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты.
17 қаңтар күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында кітапхананы насихаттау, балаларды кітап оқуға тарту мақсатында №73 орта мектептің 2-сынып оқушыларымен «Кітап патшалығы ақылдылар мекені» атты кітапханамен таныстыру шарасы өткізілді. Жас оқырмандар кітапханаға жазылу ережелерімен, кітапхана тәртібімен, кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керектігін және «оқу залы», «абонемент», «кітап қоры», «оқырман формуляры» сияқты жаңа сөздермен танысты. Шараның басты мақсаты: жас оқырмандарды кітапқа деген құрметке, кітапты қалай күтіп сақтап ұстау керек екендігін бойларына сіңіру. Балалар «Ертегілер шеруі» викторинасына белсенді ат салысып, шара кітапханаға түскен жаңа кітаптарды таныстырумен өз жалғасын тапты.
Жұртшылықты кітапхана жұмысы туралы хабардар ету және кітапхананың жұмысын насихаттау мақсатында 18 қаңтар күні №27 кітапхана-филиалында «Біздің кітапхана: 2018-жылдың сурет-жылнамасы» атты оқырмандар алдында есеп беру шарасы өтті. Келген оқырмандардың алдында кітапхана меңгерушісі Т.А.Чистякова сөз сөйледі. Ол есеп мерізіміндегі өткізілген жұмыс туралы айтты. 2018 жылғы айтулы мерекелік күндері бойынша атқарылған іс-шараларды атап көрсетті. Олар елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы, қазақ ақыны, ойшыл Бұқар-жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы, Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралар. Сонымен қатар зейнет жастағы оқырмандарды біріктіретін «Ханшайым» атты клубтың жұмысы туралы әңгімеледі. Шара соңында кітапхана меңгерушісі барлық оқырмандарға іс-шараға қатысқандар үшін алғысын білдірді.
№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Дарындылықтың жомарты» атты ЖББ №65 мектептің 9 «а» сынып оқушыларына әңгіме-портрет өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы М.Сәменова оқушыларды суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайында таныстырды. Берілген ақпараттарды қортындылау мақсатында оқушылар екі топқа бөлініп әр түрлі сайыстардан тұратын ойын ойнады. Олар «Қастеевтің мұрасы» атты викторина, «Суретшінің қолы алтын», «Жайлауда» тақырыбына байланысты екі топқа бөлініп қылқаламмен сурет салу шеберліктерін көрсетті. Шараға қатысушылар викториналық сұрақтарға, әр түрлі ойындарға белсенді қатысып, жауап беріп өздерінің білімдерін көрсетті. Кеш барысында кітапханашы «Дарындылықтың жомарты» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде
өткізілген мәдени шаралар ақпараты.
Балалардың әдебиетке деген қызығушылықтарын дамыту, оқу техникасын жетілдіру, оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында, 19 қаңтар күні № 46 ЖББОМ оқушыларымен, мұғалім және ата-аналармен бірігіп отбасылық «Страна Невыученных уроков» әдеби қонақжайы өткізілді. Барлық қатысушылар осы ғажайып елге аттанды. Оларды әр түрлі кедергілер күтті, бірақ олар ол кедергілерден сүрінбей өтті. Балалар «Узнай кто это» викторина сұрақтарына еш ойланбастан жауап берді, «Веришь не веришь», «Сбежавшие буквы» атты конкурсқа, «Дерево жизни Лии Гераскиной» атты кроссвордты шешіп, іс – шараға белсене қатысқан жас оқырмандар грамота, дипломдармен марапатталды.
Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткізілген мәдени шаралар туралы ақпарат
16 қантар күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана филиалында Саурық батырдың туғанына 205 жыл толуына арналған «Батыр - өз халқы үшін дүниеге келген» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шараға №30 мектептің 7- сынып оқушылары шақырылды. Мәдени шараның мақсаты: Қазақстан тәуелсіздігі үшін күресте қазақ батырларының ерлігі туралы білімді қалыптастыру, мемлекет тарихындағы батырлардың рөлін бағалау, патриоттық сезімге баулу және еліміздің тарихын біліп, оқуға қызығушылықтарын тәрбиелеу.Шара барысында кітапханашылар Саурық батырдың өмірі мен ерліктері туралы әңгімеледі, арнайы ұйымдастырылған «Қазақ елінің атақты батырлары»кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Шараға оқушылар белсене қатысып, викторина сұрақтарына жауап беріп, тақырып бойынша өз ойларын ортаға сап бөлісті.
15 қаңтар күні №16 кітапхана-филиалында "Кітап терапиясы" бағдарламасы аясында "Жағымды ойлаудың кілті"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: жасөспірімдер өміріне құндылық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету, эмоциялық қолайсыздық, жанжалды жағдайлардың алдын алу. Кітап көрмесі "Өз-өзін түсінуді іздеу"," Үрей мен ренжуден құтыламыз"," Өзіңді қабылдау және сүю"сияқты бөлімдерден тұрады. " Жағымды ойлаудың кілті " тақырыбы бойынша барлық кітаптар оқырмандарға өз жолын таңдауға, сау және сұранысқа ие болуға көмектеседі.