2018 жылдың 11- қыркүйегінде Қарағанды қаласының ІІД-де 5-қыркүйек тілдер күніне арналған М.О.Әуезов атындағы орталық кітапханасымен бірлескен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты мәдени-іс шара өткізілді. Іс-шара барысында «Тілім менің -тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ана тіліміз, қазақ тіліннің мәртебесін көтеріп, 5-қыркүйек тілдер күнін насихаттау. Қазақстандықтардың бойындағы патриоттық сезімін арттыру және  білімнің көзі болған кітапханамызды насихаттау. Шараның ашылуы кітап көрмесінен басталды. Кітап көрмесін өлкетану бөлімінің кітапханашысы Ғабдолла Таңшолпан таныстырды. Кітап көрмесіне ана тілімізге арналған кітаптары, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары, қазақ тіліне арналған сөздіктер, тілашарлар, оқулықтар, латын қарпімен жазылған кітаптар қойылды. Кітаптарға шолу барысында слайд көрсетіліп тұрды. Шара жоғары деңгейде өткізілді.

DSC 7121 DSC 7385

Яндекс.Метрика