Ақпарат
2018 жылдың 2-қарашасы күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында «Әуезов әлемі» атты кітапхана филиалдарының арасында сайыс өткізілді. Мақсаты: Елбасымыздың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламалық мақаласының аясында латын қаріпін жазып, оқып дағдыландыру.Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармаларын дәстүрлі түрде дәріптеу.Кітапхана қызметкерлерінің арасында белсенділікті арттырып, оқырмандарға М.О.Әуезов шығармасын насихаттау. Бүгінгі кітапхана филиал кітапханалары арасында өткізілген «Әуезов әлемі» сайыста алты кітапхана филиалы қатысты.Сайысты өлкетану бөлімінің кітапханашысы Ғ.Т.Ғабдолла жүргізді.Сайыс төрт кезең бойынша өткізілді. Елбасымыздың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламалық мақаласының аясында латын қаріпін жазып, оқып дағдыландыру мақсатында тапсырмалар ойнатылды және «Қарымды қаламгер» жас ақындар клубының мүшесі Майрол Ораза-ай өз шығармашылығынан поэзия оқыды.Сайысқа қатысушылардың арасында жеңімпаздарды бағалау мақсатында әділқазылар шақырылды. Шара соңында қазылардың шешімімен 1-орынды №4 филиал кітапханашысы Дана Мұратқызы, 2- орын №11 Қалиақпарова Айбану Талғатқызы және3-орынды №22 филиал кітапханашысы Ортенхан Перизат иеленіп марапатталды.
Ақпарат
«Қарағанды қаласының ОҚК» КММ-дегі жаппай өткен іс-шаралары туралы
30 қазан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашылары «Кітап алтын қазынам» атты экскурсия сағатын өткізді. Мақсаты: Кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.Шараға №62 жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Ш.Б. Акижанова және №13 жалпы білім беретін орта мектептің кітапханашысы Г.Блалова, 6 «ә» сынып оқушылары ,сынып жетекшілері К.Бояубаева қатысты. Балалар бөлімінің кітапханашылары оқушыларды «Кітап сүйерлер», «Кітап құмарлар» деп 2 топқа бөлді.
І кезең. «Білім көзі- кітапта» бұл кезеңде қойылған сұрақтарға екі топтың оқушылары белсене жауап берді.
ІІ кезең. «Мақал-сөздің мәйегі» бұл кезеңде гүлдердің артына жазылған мақалдардың жалғасын табу тапсырылады.
ІІІ кезең. «Көңілді тапқырлар» бұл кезеңде әр топ өздеріне берілген «А» және «Б» әріптерінен ғана басталатын сөздермен жауап беру тапсырылды.
ІV кезең. «Ойлан, тап» бұл кезеңде жасырынған сурет арқылы сөздерді табу тапсырылды.
V кезең. «Жауабын тап» бұл кезеңде әр топ өздеріне қойылған жұмбақтарға жауап береді.
VI кезең. «Бір үзім нан» ертегісін латын тілінде жазды.
Екі мектептің де оқушылары үлкен – кішісіне қарамай белсене қатысып өз білімдерін көрсете білді. Атап өтетін болсақ №13 жалпы білім беретін орта мектептің 6 «ә» сынып оқушылары А.Амантаева, Ә.Төлеутай, А.Пазылов және №62 жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушылары А.Оралбай, А.Махсұтова, Ә.Тұрлыбай, Ә.Әсемхан мектеп қабырғасында алған білімдерін көрсете білді. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «кітаптар мұңы» деп аталатын көрініс қойды. Кітап көрмесіне шолу жасалды.
Бос уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында, №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Әлем бәрімізге ортақ» атты тілдесу сағаты өтті. Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар, Октябрь ауданының әлеуметтік қорғау бөлімі, «Мальвина» қуыршақ театры қатысты. Шара барысында балалар қуыршақ театрының қойылымын тамашалады. Жүргізуші: «Астық жина», «Үздік агроном», «Наубайшы», «Төрт қадам», т.б. ойындар мен сайыстар ұйымдастырды. Балалар назарына «Күзгі вернисаж» атты үстел көрмесі ұйымдастырылып, «Алтын күз келді» атты бейнебаян көрсетілді. Қатысқаны 14 адам.
М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада бірінші партиялық ұйымның есепті-сайлау жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Нұр Отан» БПҰ мүшелері қатысты. Барлығы – 23 адам. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
- 2017-2018 жж. БПҰ жұмысы жайында төраға орынбасарының есебі;
- 5 қазан 2018 жылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау;
- БПҰ төрағасын сайлау;
- Аудандық конференцияға өкілдерді сайлау;
Есепті-сайлау жиналысында күн тәртібіне қойылған барлық сұрақтар талқыланды.
Өткізілген жұмыстар жайында БПҰ төраға орынбасарының есебі талқыланып қанағаттанарлық деп бағаланды;
- БПҰ төрағасы болып Қарағанды қ. ОКЖ директорының м.а. Г.К.Ахметкаримова сайланды;
- Аудандық конференция өкілі ретінде 2 адам сайланды.
10 қазан күні №27 кітапхана -филиалында қалың оқырман назарларына «Терроризм мен экстремизм – қазіргі заман мәселесі» тақырыпты жедел-ақпарат ұйымдастырылып өткізілді. Оқырмандарымыз, әлемдегі терроризм және эстремизм мәселесінің қауіпті жағдайымен танысты.Осы мәселеге арнайы оқырмандардың назарларына 15 басылым ұсынылды.