Қыркүйек айының 14 күні №15 кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қазақ ойшылы Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жыл туған күніне орай «Қазақтың бірегей ақыны» атты тарихи сағат өтті. Мақсаты: Бұқар жырау шығармашылығы арқылы қазақ халқының тарихы мен дәстүрін таныту, жырау туралы білімдерін кеңейтіп, рухани тәрбиелеу. Шара барысында Ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығынан презентациялар көрсетіліп, оның туған жерін сүю туралы 11 тілегі мәнерлеп оқылды. Бұқар жыраудың: Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді, - деген аталы нақылы халқымыздың арасында кеңінен таралғандығын білеміз. Ол өз уақытында артына өлмес мұра қалдырып, күні бүгінге дейін халық жадында мәңгіге сақталды. Шараға 12 адам қатысты.

15  15

Яндекс.Метрика