Денсаулық – бұл адам өміріндегі ең маңызды мәселе. Бірақ, көптеген тәуелділік біздің өмірімізді қысқартады. Ең жаманы, біз бұл туралы ойланбаймыз. Сондықтан №31 кітапхана-филиалында «Зиянды әдеттердің алдын алу» атты  ескерту көрмесі  ұйымдастырылды. Оған дәрігер-нарколог, психотерапевт, педагог, психологтардың зиянды әдеттердің алдын-алу туралы жазған құжаттары: темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық,сондай-ақ олардың адам ағзасына әсері, бұдан басқа оқырмандар салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы әдебиеттермен таныса алады. Көрме өзінің тақырыбымен әр түрлі жастағы оқырмандардың назарын аудартты. Кітап көрмеге 15 адам қатысты.

31  31

Яндекс.Метрика