Мұғалімнің қиын еңбегін бағалап, оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластық сезімін нығайту мақсатында, Ұстаздар күніне кітапхана оқырмандары үшін №16 филиалдың әдеби қонақ бөлмесінде «Менің алғашқы ұстазым» бейне-көрсетілімі өтті. Онда мұғалімнің қиын, бірақ құрметті жұмысы туралы айтылды. «Ұстаз - бұл мамандық қана емес» бейнежазбасын көрген соң, жүргізуші ежелгі кездердегі - Мұғалімдер күнін тойлау дәстүрінің шығуы туралы айтып өтті. Іс-шараның соңғы бөлігінде «Қиын сәттер» рөлдік ойын ойнатылды. Өзі қалағандар мұғалім рөлінде өздерін сынап, түрлі тапсырмаларды орындады. Мысалы, балалар сыныпта шу шығарады, балалардың назарын аударып, оларды тыныштандыру керек болды. Кітапханада мерекенің атмосферасын орнатты. Әуе шарлары, көңілді музыка - мұның бәрі Мұғалімдер күніне арналған жарқын және әдемі оқиға болды.

16 1 16 2

Яндекс.Метрика