«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Жастар жылы шеңберінде өткізілген мәдени шаралар
ақпараты
Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, құқықтық білімді арттыру, білім беруді қолдау және жастардың өзін-өзі жетілдіру мақсатында қала кітапханаларында жастар жылына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
2019 жылы 18 сәуірде №22 кітапхана-филиалында №8 жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Өзіңді сыйла, басқаларды құрметте» атты рөлдік ойын өткізілді. Рөлдік ойын барысында кітапхананың жас оқырмандары әр түрлі пікірлерді ескеруді және өз позициясын негіздеуді, тілдесудің диалогтық түрін меңгеруді, өзара бақылауды жүзеге асыруды және серіктестерге өзара көмек көрсетуді, кітапхана ресурстары мен Интернет желісін пайдалана отырып қойылған міндеттерге сәйкес ақпаратты кеңейтілген тұрде іздестіруді үйренді. Іс-шараға қатысушылар «Фант» және «Кім екеніңді тап» ойынына белсене қатысты. Шара соңында қатысушылар назарына «Жастар қоғамның белсенді күші» атты кітап көрмесі ұсынылды.
2018 жылдың 18 сәуірінде № 29 кітапхана-филиалының қызметкерлері №101 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларына «Мен жарқын болашақты таңдаймын» тақырыбында сұрақ-жауап сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар «100 жаңа есім» жобасы туралы, қала кітапханаларында ашылған білім орталықтары туралы, жастар саясатын белсенді жүзеге асыратын мақсатты, ынталы қарағандылықтар туралы әңгімеледі. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
19 сәуір күні №27 кітапхана-филиалында «Адам құқығына жастар көзқарасы» тақырыпты құқықтық конкурс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ оқушылары қатысты. Іс-шара модераторы ПБ Михайловский ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Кыпшакбаева Ж.А. болды. Конкурсты өткізу үшін қатысушылар «Фемида» және «Феникс» тобына бөлінді. Сайыста оқушылар өздерінің құқық саласындағы біліктіліктерін көрсетті. Топтардың жауаптарын оқырманымыз Пересадько Л.Н. және Михайловский ПБ ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция капитаны Джунусова Х.К. бағалады. Іс-шара соңында жеңіске жеткен топқа мадақтама берілді.
«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
өткізген мәдени шаралар ақпараты
Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында 2019 жылдың 16 сәуірінде М. О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Аңыз қыз» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Мәдени іс-шараға №52 мектептің оқушылары қатысты. Шара кітапханашының Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы әңгімесінен басталды. Ол қазақ қыздарының арасында, әскери іс-қимылдарға қатысушылардың тек екеуі ғана - Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға (қайтыс болғаннан кейін) Кеңес Одағының Батыры атағы берілгенін атап өтті. Кітапханашының әңгімесі «Аңыздағы қыз» атты слайд-презентацияның көрсетілімі мен сүйемелденді. Іс-шара барысында көркем-деректі фильм көрсетілді, онда батыр қыздың өмір жолы мен оның ұрыс алаңында жасаған ерлігі көрсетілді. Оқушылар С. Жиенбаев, В. Лужецкий, Б. Тажибаев және т. б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында қатысушылар «Мерген Әлия» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
білім орталығының ашылуы туралы ақпарат
Бүгін, 2019 жылдың 11 сәуірі күні №85 орта мектептің оқушыларының қатысуымен және үйден оқыту әлеуметтік педагогтарымен бірге «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің № 5 кітапхана-филиалында «DAMÝ KEŃISTIGI» білім орталығы ашылды.
Шараның басында кітапханашылар орталықтың қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтып, балалар мен ата-аналар үшін функционалдық бағыттармен таныстырды. Білім орталығы барлық келушілер үшін ашық, жұмыс істеуге және интелектуалды демалысқа қажетті барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, бірлескен және жеке жұмыстар үшін аймақтар, смартфонға 3D көзілдірік, дойбы ойыны. Бұдан басқа, дамыту аймағына балаларға арналған тақырыптық мобилдік кітапхана енді. Орталықта «Мальвина» қуыршақ театрының шеберлік сыныбы өтті.
Орталық сейсенбі мен жексенбі аралығында тегін жұмыс жасайды.
"Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де
бастауыш партиялық ұйымының өткізілген жиналыс туралы ақпарат
12 сәуір күні "Қарағанды қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ бастауыш партиялық ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Кездесуге қатысушылар "Құтты мекен", "Бақытты отбасы", "Халыққа көмек", "Ауыл - ел бесігі" атты 4 ұлттық жобаны іске асыру жұмыстарын қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша осы жобаларды іске асыру бойынша "Қарағанды қаласының орталықтандырлған кітапхана жүйесі" КММ бастауыш партиялық ұйымының жұмысын белсендіру шешімі қабылданды.
Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде
өткізілген мәдени шаралар ақпараты
3 сәуір күні №8 кітапхана филиалы №13 ЖББОМ-тің кітапхана қабырғасында 5 сынып оқушыларымен Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған «Денсаулық – ел байлығы» атты қызықты хабарлар сағаты өтті. Мәдени іс-шараның мақсаты оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру, тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Шара барысында оқушыларға салауатты өмір салты, жеке бас гигиенасын сақтау, қоршаған ортаның тазалығы туралы және зиянды дағдыларға әуестенбеу жайында ақпарат берілді. Оқушылар күнделікті күн тәртіптерімен бөлісіп, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтты. Кітапханашы «Денсаулық - зор байлық» атты бейне слайдпен оқушыларды таныстырды. Шара соңында жас оқырмандар «Бақытым да, байлығым да – денсаулық» атты кітап көрмесімен танысты.