6 қазан күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Сенің алғашқы энциклопедияларың, сөздіктерің, анықтамалықтарың» атты кітапхана сабағы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Шараға №52 орта мектептің 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Н.Х.Рожкова және кітапханашысы Л.Александровна қатысты. Кітапханашы Л.Ахаева оқушыларға энциклопедия, сөздік, анықтама кітаптарына шолу жасап, не үшін қолдану керек екендерін түсіндірді.Оқушылар өздеріне ұнаған энциклопедиядағы мәліметтерді оқып берді. Қойылған сұрақ-жауаптарға белсене ат салысып, өз ойларын нақты жеткізді.Әр оқушы сөздіктермен жұмыс жасауды үйренді. Кітап көрмесімен таныстырды.