Қазақстандағы Жастар жылы аясында «Бізді кітап біріктірсін» атты foresight-акция

Қазақстандағы Жастар жылы аясында №4, №23, балаларға қызмет көрсету №5 кітапхана-филиалдарының қызметкерлері «Бізді кітап біріктірсін» атты foresight-акциясын өткізді. Акцияға №22 мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты жастар арасында оқуды насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту, кітапты насихаттау, әлемдік және отандық әдебиеттің үздік үлгілерін жарнамалау. «Бізді кітап біріктірсін» foresight-акциясы ашық ауада және жаңа форматта өткізілді. «Оқитын аллея» үш алаңға бөлінді: «Біз нені оқысақ солмыз!» сұхбат алаңы, «Классиктерден замандастарға» әдеби қиылыс алаңы және «БиблиоДеТвоРа» арт-алаңы. «Біз нені оқысақ солмыз!» сұхбат алаңында өте маңызды мәселелер шешіліп, «нені оқимыз», «қалай оқу керек», «оқуды қалай жандандыруға болады» деген сұрақтарға жауап ізделінді. Акцияға қатысушылар кітап оқу туралы, сүйікті ақындар мен жазушылар туралы, кітапхана және оның ақпараттық мүмкіндіктері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. «Классиктерден замандастарға» әдеби қиылыс алаңында «Оқырман талғамының талы» атты экспресс-сауалнамасына қатысуға мүмкіндік берілді. Ондаағашқа өздері оқитын белгілі бір әдебиет жанырын бейнелейтін түсті лентаны байлау керек болды. Мысалы, фантастика-жасыл, көркем әдебиет-қызыл, детективтер-көк. Оқырман талғамының натижесі мәңгілік адами құндылықтарға, мәдениет пен моральға негізделген классикалық әдебиет танымал жанр болып табылғаны қуантпай қоймады. "БиблиоДеТвоРа" арт-алаңында ертегі кейіпкері - Незнайка балалар ойындарын, конкурстарды, викториналарды өткізіп, жаңа кітаптармен таныстырды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар foresight-акцияны қорытындылаған флешмобқа қатысты. Акция қатысушыларына Жастар жылының логотипі бар жарнамалық парақшалар, визиткалар, кітапхананың жұмыс тәртібі, жазғы уақытта жоспарланған көпшілік іс-шаралар туралы ақпарат жазылған флаерлер таратылды.

IMG 20190515 WA0088   IMG 20190515 WA0102   IMG 20190515 WA0108

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени іс-шаралар туралы ақпарат

           

     15 мамыр күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының оқырмандар залында №73 ОМ-тің 5 сынып оқушыларымен Отбасы күніне арналған «Отбасы - ең қасиетті сөз» атты танымдылық-ойын бағдарламасы өткізілді. Іс-шаранның басты мақсаты жас ұрпақты отбасы құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеп, баулу болды. Шараға «Бақытты отбасы құпиялары» атты тақырыптық көрме дайындалды.   Бағдарламаны жүргізуші бұл мерекенің  әр адам үшін қаншалықты маңызды екенімен атап айтып, Қазақстан әрқашан салт-дәстүрге бай сондай-ақ берік отбасылық құндылықтарымен ерекшеленетінін тілге тиек етті. Отанға деген құрмет отбасынан басталатынын оның әркім өз шаңырағынан қандай жақсы тәрбие алса  сол адам өмірден өз орнын қателеспей табатынын да айтып өтті. Балалар шараның ойын түріне өте жақсы ат салысты. Атап айтсақ мына ойын түрлері «Халық даналығы айтады», «Мақалды жалғастыр», «Менің жанұям», «Анамның көмекшісімін», «Менің отбасындағы міндеттерім», «Тазалық күні» т.б.  ойындары балалардың  отбасына деген көзқарастарын өзгертіп,мемлекеттік маңызы бар мызғымас құндылықтар екеніне көз жеткізді.

IMG 20190515 124827   IMG 20190515 125706   IMG 20190515 130758 

     Салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерге  қарсы көзқарас, өмірге деген белсенділігін қалыптастыру мақсатында 15 мамыр күні №27 кітапхана-филиалында Қазақстанда Жастар жылын өткізу аясында медицина колледжінің студенттеріне «Денсаулық еліне саяхат» атты әңгіме-диалог өтті. Шараға модератор болып №1  емхананың маманы Ермакова Ольга Игнатьевна шақырылды. Әңгіме барысында ол зиянды әдеттердің алдын алу шарасы жайлы, жасөспірімдерді салауатты өмір сүруге шақырды және де әркіз өз өмірін өзі қалыптастыратынын айтты. Колледж студенттері әңгімеге белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтар қойып, кәсіби жауаптар алды. Шараны жүргізуші студенттерге салауатты өмір салты жайлы буклеттер таратты.

3   5

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени іс-шаралар туралы ақпарат

      14 мамыр  күні  №2 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында жастарды  отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Біздің тату отбасымыз» атты журфикс өткізілді. Іс-шараға №30 ЖОМ 7 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы балаларға отбасы жеке адамның бойындағы адамгершілік, басқа адамдармен қарым-қатынас, мәдениеттілікті тәрбиелеуде алғашқы қадам екенін атап өтті, «Отбасы-ойлар мен істер бірлігі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Балалар іс-шарада өткізілген «Мақал жай сөз емес», «Мен саған кім?» атты конкурстарға, «Отбасы туралы жаттықтыру ертегілері» атты викторинаға белсене қатысты.

Фил 2 юн фото 3   Фил 2 юн фото 4   Фил 2 юн фото 8

      «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2019 жылдың 15 мамыр күні Орталық қалалық кітапханада қызметкерлердің арасында  латын негізді әліпбиінде жазып дағдылануға арналған курсқа қатысып, сертификат алған өлкетану бөлімінің меңгерушісінің м.а. Ғабдолла Таңшолпан Ғабдоллақызы «Жаңа әліпби» бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізді. Дағдыландыру жұмыстары барысында кірме сөздердің латын қаріпінде жазылуы мен оқылуы туралы ақпараттар беріліп, тәжірибелік жұмыстар өтті.

 DSC1767    DSC1769    DSC1777

      15 мамыр  күні  №8 кітапхана-филиалында оқушыларды ақын І.Жансүгіровтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Мен ақын болып туғанмын» атты әдеби шығармаларымен танысу өтті. Шараға №13 ЖОМ 4 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы І.Жансүгіровтың өмірбаянына қысқаша тоқтап, көрмедегі кітаптармен таныстырды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, шығармалары туралы өз ойларын ортаға салды.

20190430 135009   20190430 135511   20190430 135224

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  өткізген мәдени шаралар ақпараты

      2019 жылдың 14-мамыр күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында өлкетану бөлімінің  ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойына орай «Қыран қазақ» атты мүшайрасына қатысушы ақындармен  дөңгелек үстел өткізілді.

      Мәдени іс-шараның мақсаты Ұлы Отан соғысының батыры, жерлес Нүркен Әбдіровтың ерлігін насихаттай отырып, жас ақындарымыздың шығармашылығын шыңдау және поэзия арқылы оқырмандарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

      Шара барысында Нүркен Әбдіровтің ерлігі мен батырлығына арналған «Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз» атты видеоролик көрсетіліп, мүшайраға қатысқан өлкетану бөлімінің жанынан құрылған «Қарымды қаламгер» жас ақындар клубының мүшелері батырымызға арналған арнау өлеңдерін оқып, поэзия сүйер оқырмандарды жырмен сусындатты. «Замандас» зейнеткерлерге арналған клубының мүшесі, ақын Жағалтай Түсіпұлы өз шығармашылығындағы отансүйгіштік, тәлім-тәрбие тақырыбында өлеңдер оқып, жас ұрпаққа насихат айтты.

 DSC1731   DSC1750    DSC1756

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

өткізген мәдени шаралар ақпараты

 

      7 мамыр күні №27 кітапхана-филиалында жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, ерлік жылдары туралы естелік сақтау мақсатында Жеңіс күніне арналған «Әлемдегі өмір үшін» атты естелік-кеш өткізілді. Іс-шараға №27 ЖББМ 9 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында Совет одағының батырлары – Н.Әбдіровке, Ә.Молдағұловаға, С.Нұмағамбетов сынды жауынгерлер туралы жас оқырмандар толық мағлұмат алып, осы кісілердің ерлігі туралы жазылған әдеби кітаптармен танысты.

1   ж 3   ж 4

      8 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Жеңіс күніне орай Қарағанды қаласының хайуанаттар бағында жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің басты мақсаты Нүркен Әбдіров туралы әдебиеттерді қала тұрғындары арасында толығымен насихаттау. Шара барысында кітапханашылар Нүркен Әбдіровтың өміріне, кітап көрмесіндегі қызықты шығармаларға, мерзімді басылымдарға тоқтала кетті.

IMG 20190508 WA0000   IMG 20190508 WA0010   IMG 20190508 WA0002  

Яндекс.Метрика