«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
өткізген мәдени шаралар ақпараты
Басқа ұлт өкілдерінің тарихын, олардың мәдениетін, әдет-ғұрпын білуге қызығушылықтарын дамыту мақсатында 30 сәуір күні №22 кітапхана-филиалында №8 ЖОББМ 7 сынып оқушылары мен оқытушыларына «Единство – состояние души» атты тарихи жылнамалық кеш ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашылар мерекенің тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, көп ұлтты Қазақстан, онда 16 млн. астам адам тұратынын баяндады.
Қатысушылар № 8 ЖОМ 7а сынып оқушылары Мұратова Камила, Курметова Айаулым, Қалық Нұрасыл, Нұралбеков Нұрлан және 7б сынып оқушылары Байболсын Мир, Сайранова Дия, Жұмабек Айман оқыған достық туралы өлеңдерді үлкен ықыласпен тыңдады.Шара соңында кітапханашы қонақтардың назарына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кітап көрмесін ұсынды.
2019 жылдың 30-сәуірі күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен «Елорда және Елбасы» атты әлеуметтік желіде конкурс ұйымдастырылды.
Мақсаты: өлкелік жас ақындарымыздың қаламын ұштап, отан сүйгіштікке тәрбиелеп, оқырмандардың арасында ақындарымыздың шығармашылығын насихаттау. Ұйымдастырылған конкурста ақындарымыз өздерінің шығармаларын парақшамызға жіберді. Келген шығармаларды @saryarqa_life.krg парақшасына салып, оқырмандардың ұнатқан лүпіл санына қарай жеңімпаз атанады. Әлеуметтік желіге тіркелген парақшада көп лайк жинаған Еркебулан Хажмұхан.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
өткізген мәдени іс-шаралар туралы ақпарат
2019 жылдың 26-сәуірінде М.О.Әуезов атындағы ОҚК оқырмандарды ел аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен мәдениетімен таныстыру мақсатында «Қазақстан - бірлік пен бейбітшілік бесігі» атты қонақжайы өткізілді. Іс-шараға №52 ЖББОМ мұғалімдері мен оқушылары, Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрағасы Зиновия Ярославовна Красивская шақырылды. Іс-шара барысында қатысушылар мерекенің шығу тегі-Қазақстан халқының бірлігі күні, Ассамблея құру, ҚХА-ның басты міндеті-Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы білді. Оқушылардың назарына «Қазақстан халықтарының достығы» туралы интерактивті викторина, тұсаукесерлер және бейнероликтер, «Достық туралы» бейне-притча және кітап көрмесі бойынша шолу ұсынылды. Оқушылар Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрағасы З.Я. Красивскаяның сөздерін қызығушылықпен тыңдады. З.Я.Красивская украин халқының көптеген ұрпақтармен сақталып қалған құндылықтардан тұратын бай мәдениеті туралы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы әсерлі баяндады.
2019 жылы 26-сәуірінде №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында №85 ЖББОМ 4 -сынып оқушыларына «Кемпірқосақ түріндей, біз біргеміз мәңгілік» атты бейнекруиз және әдебиеттерге шолу өткізілді. Іс-шараның мақсаты Қазақстанда тұратын елдердің тарихына балалардың шығармашылық белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту болып табылды. Іс-шара барысында кітапханашылар мерекенің тарихы туралы айтып, әдебиеттерге ашық түрде шолу жасап, бейнеролик көрсетті. Балалар «Татулық – достықтың киелі бесігі», «Ойлан тап» ойынына белсене қатысты.
Жас оқырмандардың бойына қазақстандық отан сүйгіштікті, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру мақсатында №16 кітапхана-филиалында «Одарешка» бала-бақшасының балаларына арналған «Светлячок» қуыршақ театрының қойылымымен балалар мерекесі өткізілді. Балалар қызықты саяхатқа аттанып, онда «Сәлемдесу», «Сиқырлы киіз үйден жұмбақтар» ойындарын ойнап, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін тауып, «Светлячок» қуыршақ театрының достық туралы «Күлімсіреп барлығына жарқырайды» ертегісінің қойылымын тамашалады. Балалар назарына «Қазақстан халықтарының достығы», «Достық туралы ән», «Менің Қазақстаным» викторинасы, достық туралы мультфильмдер, балаларға арналған сөйлейтін, музыкалық кітаптар – «Ертегілерге саяхат», «Менің елім – Қазақстан», «Детский атлас», «Балалар энциклопедиясы», «Бремен музыканттары», және т. б. ұсынылды.
2019 жылдың 26-сәуірінде ҚР халықтары арасындағы достық пен бауырластық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында №11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Аққу» бала-бақшасының тәрбиеленушілеріне «Достық Шатыр» атты дәстүрлер керуені өткізілді. Балабақша тобымен әңгіме біздің елімізде тұратын халықтар туралы болды. Балалар жүгізушімен бірге дәстүр тарихына өзіндік саяхат жасады. Жолда олар әр халықтың тілдерімен, ұлттық киімімен, әндерімен, ертегілерімен танысты. Іс-шараның екінші бөлімінде балалар ұлттық ойындарға қатысып: «Көтермек», «Оқтау тартыс», «Біз суретшілерміз», «Достық» ойындарына белсене қатысты. Балалар назарына «Әр ел балалары достықта» атты слайд-шолу және «Бейбітшілік пен достық» атты кітап көрмесі ұсынылды.
2019 жылы 27-сәуінде №7 кітапхана-филиалында «Жастар жылының» шеңберінде жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында, Политехникалық колледж студенттерінің арасында интеллектуалды пікір-сайыс өткізілді. Іс-шара барысында студенттер 2 топқа бөлініп, қазіргі қоғамда жаңа технологияларды қолдану және алға жылжыту туралы өз ойларын ортаға салды. Дебатқа қатысушылар өз білімдерінің биік деңгейін көрсете білді, ойын ережелерін сақтап, компьютерлік технологияларды меңгеру дағдыларын көрсетті. Шара соңында балалар назарына «Ұранды елдің қайсар жастары» атты кітап көрмесі ұсынылды.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізілген мәдени іс-шаралар
ақпараты
2019 жылдың 24 сәуірінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №29 кітапхана-филиалының қызметкерлері №101 мектеп оқушыларына әдеби кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты Ә. Тәжібаев пен Ә. Кекілбаевтың әдеби мұрасына оқырмандардың қызығушылығын дамыту. Іс – шара барысында кітапханашылар «Бір ел-бір кітап» акциясы туралы айтып, биылғы жылы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерінің жинағы туралы айтып өтті. Кітапханашы Әбділді Тәжібаевтың шығармашылығы туралы айта келе, ақын өзінің өлеңдерінде өшпес ізгілікті және қазақ лирикасының ең үздік дәстүрлерін сақтап қалғанын атап өтті. Шараға қатысушылар «Менің халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» және т. б. драмалық поэмалардан үзінділер оқыды. Одан әрі оқушылар назарына Ә.Кекілбаевтың ертегі-аңызға айналған прозасы, махаббат, шығармашылық, жан азабы, билік туралы баяндайтын «Аңыздың сақыры» романы ұсынылды. Шара соңында «Бір ел - бір кітап» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде
өткізілген мәдени шаралар ақпараты
2019 жылдың 25 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы мен Қарағанды қалалық М.О. Әуезов кітапханасының ұйымдастыруымен Достық үйінде Жұмагұл Нығметұлы Шөженовтың «Ағыбайдың ақ жолы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
Іс-шараға арнайы тақырыптық мобилді кітапхана ұйымдастырылып, көпшілік қауымға таныстырылды. «Ағыбайдың ақ жолы» атты кітабының тұсаукесері өткізіліп, кітапхана қызметкері шолу жасады. Өлкетану бөлімінің жанынан құрылған «Қарымды қаламгер» жас ақындар клубының мүшелері арнау, дастандар оқыды. Кешке Қарағанды облысының Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің өнерпаздары қатысты.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында №8 кітапхана-бөлімшесінде «Біздің күшіміз бірлікте» атты әдебиетке тақырыптық шолу өткізілді. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.К. Оспанова және №13 ЖОМ 7 сынып оқушылары шақырылды. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға мереке тарихы туралы айтып, оны өткізудің өзектілігін атап өтті, Қазақстан халқының бірлігі күні ұлтына қарамастан барлық қазақстандықтардың достығының, ұйымшылдығының және жасампаздығының символына айналғанын атап өтті. Қатысушылар назарына «Біз бір Елміз, бір Халықпыз» атты презентация ұсынылды. Оқушылар Қазақстан аумағында тұратын халықтар тарихы мен достық туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер туралы викторинаға қызығушылықпен қатысты.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша (базалық бағыт «Туған жер-туған ел»)
өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Рухани қазына" кіші бағдарламасы ("Туған жер-туған ел" базалық бағыты) бойынша жергілікті жазушылардың әдеби мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру мақсатында №1 жасөспірімдеріне қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Сарыарқаның таланттары» атты шығармашылық кеш өткізілді. Мәдени іс-шара «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен өткізілді. Шығармашылық кешке жазушы С. Жанысбай, жергілікті теледидар өкілдері, кітапханашылар, № 34 ЖОМ жоғары сынып оқушылары және оқытушылары, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері, «Нүрби» ансамблі қатысты. Іс-шара басында кітапханашылар Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласын айтты. Бұл мақалада қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстары қоғамдық сананы жаңғырту контексінде өзекті болып табылатыны атап өтілді, өйткені Елбасының жаңа мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. Сонымен қатар қысқаша жергілікті жазушылардың С.Бексейт, С.Аксункар, В.Могильницкий т.б. өмірі мен шығармашылығы жайлы айтты. Оқушылардың назарына «Сарыарка дарындары» бейне презентациясы ұсынылды. Жүргізуші М. Сәменова өз сөзінде біздің өлкеміздің дарынды және шығармашылық адамдарға бай екенін, олардың бірі С. Жанысбай болып табылатынын атап өтті және жазушыға сөз берді. Автормен сөйлесуге №34 ЖОМ оқушылары белсенді қатысты. Сұрақтар тек шығармашылық және кәсіби қызметі туралы ғана емес, сонымен қатар жеке өміріне қатысты қойылды, оған С. Жанысбай ерекше ықыласпен жауап берді. С. Жанысбайдың сөз сөйлеуінен кейін кітапханашылар жазушының шығармашылығы бойынша «Сан қырлы қаламгер» атты кітап көрмесіне, мобильді кітапханаға шолу жасады. Мобильді кітапханаға автордың 8 белгілі кітаптары енді, оның ішінде «Сарыарқаның самалы», «Азаматым ардағым», «Елорда «Бәйтерегі»» кітаптары оқырмандарды қатты қызықтырды. Іс-шара YouTube арқылы тікелей эфирде өтті https://youtu.be/dctqoAR4GZw.