«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени іс-шаралар туралы ақпарат

     2019 жылдың 26-сәуірінде М.О.Әуезов атындағы ОҚК оқырмандарды ел аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен мәдениетімен таныстыру мақсатында «Қазақстан - бірлік пен бейбітшілік бесігі» атты қонақжайы өткізілді. Іс-шараға №52 ЖББОМ мұғалімдері мен оқушылары, Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрағасы Зиновия Ярославовна Красивская шақырылды. Іс-шара барысында қатысушылар мерекенің шығу тегі-Қазақстан халқының бірлігі күні, Ассамблея құру, ҚХА-ның басты міндеті-Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы білді. Оқушылардың назарына «Қазақстан халықтарының достығы» туралы интерактивті викторина, тұсаукесерлер және бейнероликтер, «Достық туралы» бейне-притча және кітап көрмесі бойынша шолу ұсынылды. Оқушылар Т. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрағасы З.Я. Красивскаяның  сөздерін қызығушылықпен тыңдады. З.Я.Красивская украин халқының көптеген ұрпақтармен сақталып қалған құндылықтардан тұратын бай мәдениеті туралы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы әсерлі баяндады.

    20190426 122252   20190426 122906   20190426 124757 

     2019 жылы 26-сәуірінде №5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында №85 ЖББОМ 4 -сынып оқушыларына «Кемпірқосақ түріндей, біз біргеміз мәңгілік» атты бейнекруиз және әдебиеттерге шолу өткізілді. Іс-шараның мақсаты Қазақстанда тұратын елдердің тарихына балалардың шығармашылық белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту болып табылды. Іс-шара барысында кітапханашылар мерекенің тарихы туралы айтып, әдебиеттерге ашық түрде шолу жасап, бейнеролик көрсетті. Балалар «Татулық – достықтың киелі бесігі», «Ойлан тап» ойынына белсене қатысты.

     
IMG 20190426 WA0008    IMG 20190426 WA0010   IMG 20190426 WA0011

IMG 20190426 WA0012   IMG 20190426 WA0015   IMG 20190426 WA0018

    Жас оқырмандардың бойына қазақстандық отан сүйгіштікті, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру мақсатында №16 кітапхана-филиалында «Одарешка» бала-бақшасының балаларына арналған «Светлячок» қуыршақ театрының қойылымымен балалар мерекесі өткізілді. Балалар қызықты саяхатқа аттанып, онда «Сәлемдесу», «Сиқырлы киіз үйден жұмбақтар» ойындарын ойнап, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін тауып, «Светлячок» қуыршақ театрының достық туралы «Күлімсіреп барлығына жарқырайды» ертегісінің қойылымын тамашалады. Балалар назарына «Қазақстан халықтарының достығы», «Достық туралы ән», «Менің Қазақстаным» викторинасы, достық туралы мультфильмдер, балаларға арналған сөйлейтін, музыкалық кітаптар – «Ертегілерге саяхат», «Менің елім – Қазақстан», «Детский атлас», «Балалар энциклопедиясы», «Бремен музыканттары», және т. б. ұсынылды.

     детский праздник в библиотеке   детский праздник к 1 мая   представление кукольного театра Светлячок

     2019 жылдың 26-сәуірінде ҚР халықтары арасындағы достық пен бауырластық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында №11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Аққу» бала-бақшасының тәрбиеленушілеріне «Достық Шатыр» атты дәстүрлер керуені өткізілді. Балабақша тобымен әңгіме біздің елімізде тұратын халықтар туралы болды. Балалар жүгізушімен бірге дәстүр тарихына өзіндік саяхат жасады. Жолда олар әр халықтың тілдерімен, ұлттық киімімен, әндерімен, ертегілерімен танысты. Іс-шараның екінші бөлімінде балалар ұлттық ойындарға қатысып: «Көтермек», «Оқтау тартыс», «Біз суретшілерміз», «Достық»  ойындарына белсене қатысты. Балалар назарына «Әр ел балалары достықта» атты слайд-шолу және «Бейбітшілік пен достық» атты кітап көрмесі ұсынылды.

20190426 103310   20190426 103639   20190426 105355

20190426 105710   20190426 110528   20190426 110314

                         2019 жылы 27-сәуінде №7 кітапхана-филиалында «Жастар жылының» шеңберінде жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында, Политехникалық колледж студенттерінің арасында интеллектуалды пікір-сайыс өткізілді. Іс-шара барысында студенттер 2 топқа бөлініп, қазіргі қоғамда жаңа технологияларды қолдану және алға жылжыту туралы өз ойларын ортаға салды. Дебатқа қатысушылар өз білімдерінің биік деңгейін көрсете білді, ойын ережелерін сақтап, компьютерлік технологияларды меңгеру дағдыларын көрсетті. Шара соңында балалар назарына «Ұранды елдің қайсар жастары» атты кітап көрмесі ұсынылды.

   IMG 20190428 WA0040  IMG 20190428 WA0041

Яндекс.Метрика