«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

     Басқа ұлт өкілдерінің тарихын, олардың мәдениетін, әдет-ғұрпын білуге қызығушылықтарын дамыту мақсатында 30 сәуір күні №22 кітапхана-филиалында №8 ЖОББМ 7 сынып оқушылары мен оқытушыларына «Единство – состояние души» атты тарихи жылнамалық кеш ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашылар мерекенің тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, көп ұлтты Қазақстан, онда 16 млн. астам адам тұратынын баяндады.

Қатысушылар № 8 ЖОМ 7а сынып оқушылары Мұратова Камила, Курметова Айаулым, Қалық Нұрасыл, Нұралбеков Нұрлан және 7б сынып оқушылары Байболсын Мир, Сайранова Дия, Жұмабек Айман оқыған достық туралы өлеңдерді үлкен ықыласпен тыңдады.Шара соңында кітапханашы қонақтардың назарына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кітап көрмесін ұсынды.

IMG 20190430 095640   IMG 20190430 105513   IMG 20190430 105709

     2019 жылдың 30-сәуірі күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының өлкетану бөлімінің  ұйымдастыруымен «Елорда және Елбасы» атты әлеуметтік желіде конкурс ұйымдастырылды.

Мақсаты: өлкелік жас ақындарымыздың қаламын ұштап, отан сүйгіштікке тәрбиелеп, оқырмандардың арасында ақындарымыздың шығармашылығын насихаттау. Ұйымдастырылған конкурста ақындарымыз өздерінің шығармаларын парақшамызға жіберді. Келген шығармаларды @saryarqa_life.krg парақшасына салып, оқырмандардың ұнатқан лүпіл санына қарай жеңімпаз атанады. Әлеуметтік желіге тіркелген парақшада көп лайк жинаған Еркебулан Хажмұхан.

      30.04.1   30.04.2   30.04

Яндекс.Метрика