«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

2019 жылдың 18 қыркүйек күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы және  №22 мен №5 балаларға қызмет көрсету филиалының қызметкерлері латін әліпбиі бойынша сабақ өткізді.

          2019 жылдың 18 қыркүйек күні М.О.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде латін қаріпі бойынша әдістемелік бөлімінің қызметкері А.Ж Қалышбекова «Латынша оқуға дағдылану» атты түсіндірме сағатын өткізді. Атаулы шара барысында көптеген әріптерге толқталып , кірме сөздердің емлесі мен қос сөздердің жазылуы жайлы түсіндіріліп, мысалдар келтірілді. №5 балаларға қызмет көрсету филиалында А.Балдаева арнайы оқырмандарымыздың сұраныстары бойынша  «Қош келдің, латын әліпбиі» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа №12 орта мектебінің  9 «А» сынып оқушылары ат салысты. Ең алдымен оқырмандарымыз  ҚР Тұңғыш Елбасысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруіміз, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігі жайлы ақпараттармен таныстырылды. Сондай – ақ оқырмандар латын қаріпінде оқуды және жазуды үйренді. №22 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері П.Өртенхан Латын қарпін үйрету бойынша  ақпараттық сағатын жүргізді. Сабақтың тақырыбы  «Бөлек жазылатын сөздер емлесі».  Іс-шара барысында күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бөлек  жазылатыны жөнінде түсіндіріліп, бірнеше мысалдар келтірілді. Аталмыш сабаққа №8, №22 кітапханашылары мен №22 кітапхана оқырмандары қатысты. 

2019 09 18 11 08 32 592   IMG 20190918 WA0039   P90904 154542

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізген мәдени іс-шаралар ақпараты

     2019 жылы 18 қыркүйекте №16 кітапхана-филиалында Пришахтинск тұрғындары мен кітапхана оқырмандарымен қалалық ақпараттық топ мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМК директорының орынбасары Л. Сприндис, «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМК бас медбикесі Р.М.Аубакирова, «Гиппократ» клиникасының бас дәрігері С.А.Пак, Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету филиалының меңгерушісі Э.Т.Токенова қатысты. Іс -шараның мақсаты қатысушыларды ҚР Президенті К.Ж.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы пен өркендуінің негізі» атты Жолдауымен таныстыру, жолдауда айтылған МӘМС-мен таныстыру болды.

     Іс-шара басында Қазақстан Республикасы Президентінің бейне-сөйлеген сөзінен үзінді көрсетілді, онда Жолдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері қысқаша баяндалды. Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары өз ойларын ортаға салып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын қолдады. Тыңдаушылардың назарына «Қазақстан – бейбітшілік пен бірлік елі» атты презентация ұсынылды.

     Іс-шараның екінші бөлімінде тері-венерологиялық диспансердің және «Гиппократ» клиникасының қызметкерлері ҚР Президентінің жолдауы аясында ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілгендігі туралы презентациялар ұсынып, енгізу жолдары туралы айтып берді. Шағын аудан тұрғындары мен кітапхана оқырмандары өздерін ойландырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ медицина мекемелерінің қызметкерлері барлық қатысушыларға Қазақстанда медициналық сақтандыру туралы ақпараты бар қазақ және орыс тілдерінде түрлі-түсті парақшалар таратты. Іс-шараға «Сау болғың келе ме?" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде оқырмандарға 32 басылым ұсынылды.

Послание Президента   медицинское страхование   обсуждаем Послание Президента 18.09. 2019

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

            2019 жылдың 09 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары И.Ю Любарскаямен кездесу өткізілді, мәдени кездесуге кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтің жолдауы бойынша бірнеше тармақтарға тоқталып,  «Бақытты отбасы» бағдарламасы, жұмыспен қамту орталығы арқылы шағын және орта бизнесті  несиелендіру мемлекеттік бағдарламалары туралы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетіні туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына назар аударып, халыққа осы бағдарламалар аясында мемлекет беретін мүмкіндіктерді барынша пайдалану жөнінде өтініш білдірді. Сонымен қатар мәдениет саласындағы шешімін тауып жатқан күрделі маселелер туралы да сөз қозғады. Кездесудің соңында кітапханашылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы буклеттермен танысты. Кездесу соңында кітапханашылар «Сіздің денсаулығыңыз біздің қорғауымызда» атты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру буклеттарымен танысты.

IMG 20190909 WA0016   IMG 20190909 WA0017

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

            2019 жылдың 12 қыркүйек күні №82 орта мектеп қабырғасында № 8 кітапхана филиалының қызметкерлері отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында  «Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат барысында кітапханашылар мерекенің пайда болу тарихы, отбасының қоғамдағы және адам үшін рөлі туралы әңгімеледі. Іс-шара соңында балалар отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді еске алып, олар үшін "отбасы" деген сөз нені білдіреді, отбасының маңыздылығы, отбасы қандай екені, өз отбасыларындағы дәстүрлер мен өзара қарым-қатынастар туралы өз пікірлерін айтты. Іс-шара отбасы, махаббат, мейірімділік туралы өлеңдер оқумен аяқталды. «Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

20190906 131013

            2019 жылдың 12 қыркүйек күні №22 кітапхана филиалында «Кітап даналығы отбасын біріктіреді» отбасы тақырыбын жалғастыру мақсатында әдеби вояж өткізілді. Шараның мақсаты: жас ұрпаққа отбасының құндылығын айта отырып, елімізге, жерімізге деген ұлтжандылыққа баулу. Сонымен қатар келген оқырмандарға кітап көрмесі мен көптеген қызықты басылымдар ұсынылды.

2019 09 12 14 15 32 739

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

            2019 жылдың 5 қыркүйек күні № 22 кітапхана - филиалында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Халықтар достастығы – тілдер достастығы» атты диалог алаңы өтті. Шараға № 8 ОМ мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. «Халықтар достастығы – тілдер достастығы»  кітап көрмесі әр түрлі ұлт өкілдерінің достығы туралы және тілдерді одан әрі оқып үйрену үшін кітапханада қандай кітаптарды алуға болатыны туралы өз кітап-иллюстрациялық сюжеттерін ашып берді. Онда қазақ, неміс, француз, ағылшын сөздіктері ұсынылды.Осындай іс-шаралар оқушылардың басқа халықтардың тілдерін меңгеруге ұмтылысын қалыптастырады.

2019 09 05 12 38 52 694   2019 09 05 12 40 15 629

            2019 жылдың 5 қыркүйек  №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалында №53ОМ-тің 8 «а» сынып оқушыларымен «Латын әліпбиі-мемлекеттік тіл тірегі» атты танымдылық сағаты өткізілді. Аталмыш шарада балалар көптеген мәліметтер алып, қызықты танымдылық мағлұматтармен танысты. Кеш соңында балалар дайындалған стенд парағына өздерінің тілектерін латын және басқада тілде ескерткіш ретінде қол таңбасын қалдырды, сонымен қатар балаларға латын әліпбиі таратылды.

IMG 20190905 122222   IMG 20190905 123336

            2019 жылдың 05 қыркүйек күні №15 балаларға қызмет көрсету филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасайтын ЖББОМ  №86-шы мектебімен «О, құдыретті  икемді тіл, сіз ғұлама адамдардың аузындасыз» атты интеллектуалды сайыс өтті. Шараның мақсаты:  оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, олардың халқына деген, еліне деген махаббатын арттыру. Ақын, қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану  ғылымының ағартушысы  Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен  таныстырылып ойын түрінде өткізілген шара өте тиімді өтті.

IMG 20190905 WA0011   IMG 20190905 WA0012

Яндекс.Метрика