«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

     29 тамыз күні №15 балаларға қызмет көрсету филиалында  аула балаларымен  «Спорт - бақытқа апарар жол» атты салауатты өмір сүруге дағдыландыру мақсатында  іс-шара өтіліп, қатысқан балалардың дәйім көбі орта буындарғы -  мектепке дейінгі жасөспірімдер болды. Кітапханашылар салауатты өмір сүру әр баланың қолында екенін сөз ете келе спортқа барып, өздері қалған секцияларға қатысуға бағыт-бағдар берілді.

IMG 20190828 WA0058 1   IMG 20190828 WA0077 1   IMG 20190828 WA0083

    29 тамыз күні Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Г.Б.Қосжан «Бейбітшілік, бірлік пен келісімнің заңы» атты кітап көрмесін өткізді. Іс-шара мақсаты Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып бүгінгі өмірмен байланыстыру болды. Аталмыш шара АҚҰ қызметкері аға лейтенат Такиров Елжан Оразұлымен бірлесіп өткізілді.

IMG 20190829 WA0025   IMG 20190829 WA0026

   29 тамыз күні № 22 кітапхана-филиалында Конституция күніне орай «Конституция - адам құқығының сенімді қалқаны» атты ақпараттық-минут өткізіліп, қатысушыларды  ҚР Конституциясымен, негізгі ережелермен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттерімен қысқаша таныстырылды. Шара барасында кітапханашылар оқырмандарды заңдарды құрметтеуге және, патриоттық сезімге, интернационализмге, өз Отанын сүюге тәрбиелеп, осыған байланысты ақпаратпен таныстырды.

IMG20190829104632   IMG20190829104752

     29 тамыз күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметерлері Жамбыл атындағы гимназияның 5 «ә» сынып оқушыларына «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты шара ұйымдастырды, мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, әдептілік және өз халқына берік азамат пен азаматшалар болуын тәрбиелеу болып табылды.

IMG 20190829 WA0045   IMG 20190829 WA0046   IMG 20190829 WA0047

     29 тамыз күні №11 кітапхана филиалында Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты кітап құқықтық әдебиеттер көрмесі  ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: еліміздің Ата заңы жөнінде түсініктерін тереңдету. Конституция ұғымын тарауларын, қабылдануын, оқушыларға өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Көрмеге тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдердегі қазақтың дала заңынан сыр шертетін «Қазақтың Ата Заңдары» жайындағы кітаптар мен 1995 жылдың 30 тамызында  қабылданған ҚР-ның Конституциясы, Ата Заңымыз туралы мерзімді басылымдардан деректер, т.б. мәліметтер қойылды. Ондағы кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

«Арқа батырлары» атты кітабының тұсаукесері

        29 тамыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық-қалалық кітапханада  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сонымен қатар Қарағанды қаласының 85жылдық мерейтойына арналған «Арқа батырлары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға кітаптың авторлары тарихшы, археолог, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық архивінің директоры Т.Т Аршабеков., Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дің Қазақстан тарихының кафедра меңгерушісі А.Ж Жұманова, арнайы шақырылған қонақ Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы Ж.А Жұмабеков, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Шара барысында  авторлар кітаптың шығарылу тарихына, мәдени құндылықтарға айналған, әр дәуірдегі тарихи ескерткіштерге тоқталып өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы Ж.А Жұмабеков өз сөзінде, кітаптың Қазақстан тарихы болсын, не болмаса осы аймақ, өлкенің тарихын зерттеуде алар орны зор екенін атап айтты.

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты

2019 жылдың 08 тамызы күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-бөлімшесінің ауласында кітапханашылар «Спорт-бұл өмір, бұл қуаныш, денсаулық» атты спорттық ойындар өткізді.
Шара барысында кітапханашылар балаларға турникке тартылу, сегіргіште секіру, жүгіру, «Кім жылдам» сияқты ойындар ойнатты. Барлық қатысушылар өздерінің ептілігін, шапшандықтарын көрсете білді. Ең бастысы-сергектік пен көптеген жағымды эмоциялар алды. Іс-шараға қатысушылар саны-10 адам.

1

2

2019 жылдың 09 тамызы күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-бөлімшесінде М.Зощенконың туғанына 125 жыл толуына байланысты «Өнегелі бала» атты дауыстап оқулар өткізілді.

         Іс-шара барысында жүргізуші С. Сарычева жазушының ерекше қызықты өмірі туралы айтып, балаларды оның шығармаларымен таныстырып, "Показательный ребенок", "Самое главное", "Бабушкин подарок", "Не надо врать", "Любимое занятие" атты әңгімелеріне толығырақ тоқталды. Әңгіме шығармалардан үзінді оқумен сүйемелденді.  Балалар мәнерлеп оқу және викторинаға белсене қатысты. Іс-шараға 8 адам қатысты.

4

6

2019 жылдың 09 тамызы күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  №16 кітапхана бөлімшесінде Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Халықтың жадында сақталған» атты тарихи дәріс өткізілді.

Іс – шарада балаларды батырдың Отанға жасаған ерлігімен, қайтпас қайсарлығы мен Отанға деген адалдығымен таныстырып өтті. Жүргізушілер дайындаған Нұркен Әбдіровтың туған жерімен өскен ортасы және оның жасаған ерліктері туралы  бейне – роликтер көрсетілді. Сонымен қатар виртуальді көрмеге шолу жасалды. Іс –шараға 10 адам қатысты.

7

8

 

 

 

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты 

14 тамыз  күні № 15 кітапхана-бөлімшесінде "Бүкіл Отбасымызбен оқимыз"атты әдеби кеш өтті. Отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғырту, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті және кітапқа деген ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру жайлы баяндалды.

2

3

14 тамыз күні №12 кітапхана-бөлімшесінде балаларға қызмет көрсету бойынша "О, Мери Поппинс!..."ағылшын жазушысы Памела Линдон Трэверстің туғанына 120 жыл толуына арналған. Әңгіме кітаптан қызықты үзінділер оқумен және оқылғандарды талқылаумен аяқталды.

4

5

14 тамыз         М.О.Әуезов атындағы кітапхана қызметкері Қалышбекова А.Ж. кітапханашылар арасында диктант өткізді және өзара қатемен жұмыстар жүргізді. Ал № 22 кітапхана-бөлімшесінің кітапханашысы Өртенхан Пария « Латын қарпінде мәтіндер оқып дағдылану »  атты  сабақ өтті. Сабаққа кітапхана оқырмандары мен №8  кітапхана- бөлімшесінің  кітапханашылары қатысып, жаңа қазақ  әліпбиінде диктант жазғызып, мәтіндер оқыды.

6

7

№12 балаларға қызмет көрсету кітапхана бөлімшесінде «Даналар үндістігі» атты

әдеби қонақжай туралы ақпарат

25 шілде №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің  оқу залында Октябрь аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесіп қазақ халқының біртуар ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл және орыс ақыны А.Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына арналған «Даналар үндістігі» атты әдеби қонақжай өткізілді.

Шараның басты мақсаты осы ұлыларрымыздың шығармашылығы мен өскен үш ұрпақтың бос қосуы болды. Шарада екі ақынның өлеңдері оқылып, әндері әуелете шырқалды. Кеш қонақтары Октябрь аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Б.А.Аманжолова, қалалық ардагерлер қоғамының төрайымы А.П.Слепова, Майқұдық мәдениет үйінің хор солистері, Жамбыл атындағы мектеп-интернатының директоры А.К.Мейрамбеков қатысты. Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға Абай мен Пушкиннің кітаптарын табыстап, мақтау қағаздарымен марапаттады, балаларға тәттілер мен жемістер таратылды.   

IMG 20190725 WA0008   IMG 20190725 WA0013   IMG 20190725 WA0014

Яндекс.Метрика