«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

2019 жылдың 27-маусым  күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында ҚР  Тұңғыш Президентінің"Рухани жаңғыру" бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, сондай-ақ Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына орай«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен шығарылған «Қазыналы-Қарағанды» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Мақсаты:Қарағанды қаласы туралы тың деректер топтастырылып, қатпарлаған тарих беттерінен орын алар еңбек «Қазыналы-Қарағанды» кітабын көпшілік оқырман қауымға ұсыну. Қойнауы құтты өлкенің ғасырдан ғасырға жеткізер өлкелік кітаптарды насихаттау.

Шара барысында Қарағанды қаласының өткен тарихи кезеңі,  инфрақұрылымы, өнеркәсіп орталықтарының пайда болуы, демографиясы, мәдениеті насихатталған «Қазыналы-Қарағанды» кітабының мазмұны баяндалды. Шараға кітапты құрастырушылар академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандитаты, тарих факультетінің деканыЖ.Ә.Жұмабеков,тарихшы Т.Т.Аршабеков сондай-ақ Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі С.А.Лебедев, Қарағанды жазушылар одағының мүшесі Қ.Асқаров қатысып, оқырман қауымға кітапты кеңіріек таныстырып, қала тарихына тоқтала кетті.Тұсаукесерге жергілікті телеарналар қатысып, кітап авторларымен қатар қатысушы қонақтардан сұхбат алды. Кеш соңында  құрастырушы автор қолтанбасын қойып «Қазыналы-Қарағанды» кітабын арнайы шақырған қонақтарға және БАҚ сыйға тартты.

 DSC1897    DSC1902    DSC1909

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  өткізген мәдени шаралар ақпараты

26 маусым күні № 11 кітапхана филиалында «Дурман шөп немесе алданған тағдыр» аттыХалықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне ескерту витринасы өткізілді. Оқырмандар ҚР-дағы осы проблемамен күрес стратегиясы туралы ақпаратты тыңдап, салауатты өмір салты туралы кітаптармен танысты.

20190625 120407

26 маусым күні № 29 кітапхана - филиалында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған "Қорқудың қажеті жоқ – білу керек" атты денсаулық сағаты өткізілді. Іс-шараға «Облыстық наркологиялық диспансер"» КМК жастармен жұмыс жөніндегі маманы Шихатова Елена Евгеньевна қатысты.    Өскелең жас ұрпаққа "өзекті әңгіме" түрінде есірткінің бар түрлері, олардың адам ағзасына әсері, жастарды есірткіге тарту тәсілдері және оларды қабылдаудың қорқынышты салдары туралы айтылды. Маман өз тәжірибесінен бірнеше мысалдар келтірді, жастар наркодилердің қолына қалай түседі, жасөспірімдерге есірткіні ұсынғанда бас тарту керек деген кеңестер берді. Соңында кітапханашы "АҚ-ға кірмеңіз" атты ашық көріністе ұсынылған әдебиеттерге шолу жасады.

CAM01267   IMG 20190621 WA0012

26 маусым күні №8 кітапхана филиалы №74 ЖОМ-тің кітапхана қабырғасында Халықаралық нашақорлықпен күрес күні аясында "Жастар есірткіге қарсы"атты денсаулық сағаты өткізілді. Есірткі дегеніміз не? Есірткі адам ағзасына, оның денсаулығына қалай әсер етеді? Есірткіге тәуелділік дегеніміз не? Кітапханашы кітапхана қорынан алынған әдебиеттерді ғана емес, сонымен қатар жас жастағы адамдардың нашақорлықтан қаза табуына мысал келтірді. Қатысушылардың ешқайсысы іс-шара тақырыбына бей-жай қалған жоқ. Балалар кітапханашыны мұқият тыңдап, әңгімеге белсенді қатысты. Шара соңында  кітапханашы балаларға салауатты өмір салтын ұстануға, жақсылыққа ұмтылуға шақыруымен аяқтады. Іс-шара қызықты және танымды өтті.

20190619 105454

26 маусымда балаларға қызмет көрсету бойынша №1 филиал нашақорлықпен күрес - Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған "Есірткі - -өмірдің соңғы билеті" атты іс - шара өткізді. Фотокомпозиция екі бөліктен құралған: " Бұл өмір?"- есірткінің неге алып келгенін баяндайтын фотосуреттер  көрсетілді. Фотосуреттің екінші бөлімінде "Бұл өмір!"- позитивті көрсетушілер: балалар спортпен шұғылданады, би биледі. Біз балаларға есірткінің зияны туралы, егер спортпен айналыспаса жаман өмірге соқтығысу өте оңай екенін жеткізді. Балалар "Спорт", "салауатты өмір салты", "Дене шынықтырумен айналысу" сияқты түрлі уйірмелерді ұнататындығын жеткізіп сұрақтарға белсене жауап берді.

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

     19 маусым күні №29 кітапхана филиалында танымдық сағат «Латын әліпбиіне   жаңғыру талабы» өткізілді. Бұл шараға №15 балалар кітапханшысы мен кішкентай оқырмандар ат салысты. Латын қаріпінің тарихымен таныса отырып, көптеген сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар әріптермен танысып, жеке-жеке тоқталып талдау жұмыстары атқаралды.

IMG20190619114123

    Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай біздің № 22 кітапхана-бөлімшесінде 19 маусым күні сағат 12. 00-де «Шынайы емес әлем қауіптері» тақырыбында кеңес сабақ өткізілді. Кітап көрмесіне шолу жасалды, есірткі оны тұтынатын адамның өмірін жалмайтын тозақ дерті. Сондықтан оған қарсы баршамыз болып жұмылсақ қана айналамыздағы адамдарды, ұрпағымызды оның құрығынан сақтау керектігін жеткізді.

2019 06 19 14 26 38 090

     «Бәрін білгім келеді» клубының аясында 19 маусым күні М.Әуезов атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханада   41 мектептің жазғы лагерь балалары үшін «Жаңа қызықты журналдар мени газеттер» туралы ақпарат күні өткізілді.

IMG 20190619 WA0011   IMG 20190619 WA0040

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

     2019 жылдың 20-маусым  күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында өлкетану бөлімі мен №4,№11 көпшілікке арналған кітапхана филиалдарының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы адамдары-Абылай хан, Кенесары» атты бейне көпір өткізілді.

     Шара барысында Абылай хан мен Кенесары ханның өнеге, үлгі болар, тарих беттеріндегі салған сара жолдарына, нақты деректерге сүйене отырып тың ақпараттар берілді. Бейне көпір барысында №4 көпшілікке арналған кітапхана филиалымен тікелей байланыс жасап, пікір алмасты. Өлкетану бөлімінің жанынан құрылған зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубының белді мүшелері жазушы М.Баймуханов, ақын Ж. Карашев, З.Әбдірахманов аталарымыз үлгі өнеге болар, батырларымыздың рухты өмірінен сыр шертті. Шарамызға жергілікті 5 телеарна қатысып, қатысушылармен, ұйымдастырушылардан сұхбат алды. Қазыналы қарияларымыз болашақ пен тарихты ұштастыру жастардың қолында екендігін басты негіз етті.

 DSC1864    DSC1877

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

өткізген мәдени шаралар ақпараты

      11 маусым күні DAMU KENISTIGI аясында оқырмандармен  өз жұмысын жалғастыруда. Балалар кітап оқып қана қоймай, көп деген ойындар ойнатылды. Мысалы теннис, шахмат, шашки және тоғыз құмалақ. Бұл ойындарды ойнай отырып оқырмандарға көптеген септігін тигізеді. Мысалы: шашки ойлау қабілетін дамытады, теннис жылдамдықпен пен ептілікті қажет етеді. Кітапхана келген жандар өз ризашылықтарын айтып, кішкентай оқырмандарға ұнағандарын жеткізді.

2019 05 24 16 04 41 449     2019 05 24 16 10 38 355

Яндекс.Метрика