«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізілген мәдени іс-шаралар

ақпараты

     2019 жылдың 24 сәуірінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №29 кітапхана-филиалының қызметкерлері №101 мектеп оқушыларына әдеби кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты Ә. Тәжібаев пен Ә. Кекілбаевтың әдеби мұрасына оқырмандардың қызығушылығын дамыту. Іс – шара барысында кітапханашылар «Бір ел-бір кітап» акциясы туралы айтып, биылғы жылы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерінің жинағы туралы айтып өтті. Кітапханашы Әбділді Тәжібаевтың шығармашылығы туралы айта келе, ақын өзінің өлеңдерінде өшпес ізгілікті және қазақ лирикасының ең үздік дәстүрлерін сақтап қалғанын атап өтті. Шараға қатысушылар «Менің халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» және т. б. драмалық поэмалардан үзінділер оқыды. Одан әрі оқушылар назарына Ә.Кекілбаевтың ертегі-аңызға айналған прозасы, махаббат, шығармашылық, жан азабы, билік туралы баяндайтын «Аңыздың сақыры» романы ұсынылды. Шара соңында «Бір ел - бір кітап» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

IMG 20190424 WA0006   IMG 20190424 WA0008   IMG 20190424 WA0010

Яндекс.Метрика