2022 жылдың 24 қараша күні "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет орденінің» иегері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлының шығармашылығына арналған «Тұлпар мінезді қазақтың баласымын» атты байқауы өтті. Байқауға қазылық еткен: Қарағанды қаласының "Шырақ" тілдерді оқыту орталығының директоры, ақын, "Өмір-өлең" жыр жинағының авторы, облыстық, республикалық өнер байқауларының, жыр мүшәйраларының жүлдегері, Өнер саласында Қарағанды облысы әкімі сыйлығының иегері Тұяқбаев Саят Қабдырашұлы; «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік қоғамы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы; филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Бабашов Азат Мақсұтбекұлы; Карағанды Медицина Университетінің тілдерді дамыту орталығының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ассистент-профессор Оспанова Гульбахрам Ебенбаевна. Шара барысында ZOOM платформасы арқылы Аманжол Әлтаев қосылып қатысушыларға өзінің жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Байқауға өтініш білдірген 15 пен 40 жас аралығындағы қатысушылардан 30 -ға жуық үміткерлерден өтінім түсті. 3 орынды 35 мың теңгелік сертификатымен Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Б.С.Асқарқызы және ҚР Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің сарбазы В.В.Горизанов иеленді, 2 орынды 60 мың теңгелік сертификатымен «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледж» студенті Еркін Мөлдір және Бас жүлде — 1 орынды №61 ЖББОМ оқушысы Ж.М.Жумабекова иеленді. Сонымен қатар қатысушыларға Алғыс хат пен «Арқа батырлары» атты кітаптары табысталды. Бекзат Қомарұлының демеушілігімен өткізіліп отырған бұл 6-шы байқау, осы орайда Бекзат мырзаға алғысымызды білдіреміз.                      philologia 1   philologia 2   philologia 4

Яндекс.Метрика