2022 жылдың 25 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған "Қазіргі заманның көрнекті жазушысы" атты іс-шара өткізілді. №15 ЖББМ КММ-нің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері және тіл мамандары Есниязова Рахат Көпжасаровна мен Бакирова Айнур Дюйсенбаевна шараның өтуіне өз үлестерін қосты. Шара барысында оқушыларға бейнеролик пен презентация көрсетіліп, қызықты сұрақ-жауап ойыны өтті. Белсенділік танытқан оқушыларға сыйға кітаптар берілді.

photo 1   photo 2   photo 3

Яндекс.Метрика