2022 жылдың 26 қазан күні "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де тарихшы, ғалым, журналист, ұлағатты ұстаз, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісінің иегері Төлеу Ерғазы Қадашұлының "Алтын тұғырлы алыптар" атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс- шарада модератор Ерғазы Қадашұлының өміржолы мен еңбектері жайында мәлімет беріп өтті. Шара барысында автор жаңадан шыққан туындысының шығу тарихына тоқталып, кітап мазмұнын әңгімеледі. Сөз кезегін алған қонақтар жаңа кітаптың маңыздылығы мен құндылығы жайлы келешек ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәні туралы сөз етті. Кездесу кешке арнайы шақырылған оқырмандар, «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы кәсіби даму институтында курстан өтіп жатқан, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні (Т1) мұғалімдері және академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің 3 курс студенттері мен филиал кітапханашылары қатысты.
М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы Республика күні қарсаңында "Қазақстан - егеменді мемлекет" атты кездесу кешін өткізді. Шарамыздың құрметті қонағы Қарағанды облысының Ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік мұрағат директоры, тарихшы, этнограф, өлкетанушы Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы тарихымыздың беттерін ашып, біраз мағлұматтармен бөлісті, Егемен тақырыбын қозғап, оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, жастарға ақыл кеңесін, қандай кітаптар оқу керегін айтты. Шет тілдер колледжінің 2 курс студенттері қонағымызға сұрақтарын қойып, ақыл-кеңесін тыңдап, Республика күні туралы біраз мәліметтер алды. Кешімізді филармония ардагері, домбырашы, Қарағанды қаласының филармония музейінің директоры Тұңғыш Игенбеков күйлермен әрлей түсті. Шара соңында қонақтарымызға кітап көрмесі таныстырылды.
21 қазанда барлық кітапханаларда бірыңғай Ашық есік күні өтті.
№ 29 кітапхана-филиалында Кітапханашы күні қарсаңында оқырмандар мен қала тұрғындары үшін "Кітапханаға қош келдіңіз" атты экскурсиялар өткізілді, сондай-ақ № 5 қосымша білім беру мектеп-орталығының 1 сынып оқушылары экскурсияға қатысты. Кітапхана жұмысы туралы ақпараттық әңгіме, кітапханада өткізілетін іс-шаралар туралы бейнеролик, әлеуметтік желілердегі кітапхана сайттарымен танысу, "DAMY KENISTIGI" коворкинг орталығының кітапхана залдары мен аймақтары бойынша экскурсия жасалды. Соңында викториналар өткізілді.
Жаңа оқырмандарды тарту және оқуды ілгерілету мақсатында №11 балаларға қызмет көрсету бойынша филиалда Ашық есік күні өткізілді. Қатысушылар "Аққу" б/б мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар, ата-аналар болды. Кітапханамен және коворкинг-орталықтың аймақтарымен танысу барысында балалар кітапхананың маңыздылығы, оның миссиясы туралы білді. Кітапхана ұғымдарымен, кітапхана тарихымен танысты. Балалар коворкинг аймақтары туралы әңгімені үлкен қызығушылықпен қабылдады: оқушыларды 3D кітаптармен таныстыру, толықтырылған шындықпен кітаптар әлеміне саяхат, үстел ойындарындағы жарыстар қызу өтті. Жарықтандырылған үстелге құммен сурет салу, панорамалық кітаптарды оқу қатысушылар үшін қызықты болды.
21 қазанда № 27 кітапхана-филиалында №21 ОМ 8 сынып оқушыларына арналған республика күніне арналған "Менің Қазақстаным, менің жерім" тарихи экскурсиясы өткізілді. Іс-шара жүргізушілері Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу тарихын айтып, оқушылармен географиялық викторина өткізді. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан туралы бейнеролик ұсынылды.
Мақсаты: Отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді тәрбиелеу, кітап пен оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Еліміз көп жылдық үзілістен кейін алғаш рет Республика күнін атап өтуде. Осы күнге «Лучик надежды» балалар мен мүгедектерге көмек көрсету орталығының қоғамдық бірлестігінің қатысушылары үшін "Ұлы кеңістіктер елі" тақырыптық кеші дайындалды. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның елеулі жетістіктері туралы ақпарат дайындалды, кітаптарға шолу, "Туған елдің білгірі" викторинасы өткізілді. Содан кейін көрермендер Қазақстанның көрікті жерлеріне арналған бейнені тамашалады.



2022 жылдың 1 қазан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы "Добрые руки" пансионатына барып, қарттарды мерекелерімен құттықтап, "Асыл қариялар" атты шара өткізді. Шараға №2 балалар музыка мектебінің мұғалімдері Шәкен Гүлнәз Сағдатқызы "Балбырауын" күйін ұсынып, Қазкен Берік Әбілқайырұлы "Сайра бұлбұл" атты әнін орындады, сондай-ақ "Әлқисса" күйін дуэтпен және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі Шет тілі бөлімінің 2 курс студенті Бахыт Айкерим "Сәулем, сәулем" өлеңін, Төлепбек Бірлік Шәмші Қалдаяқовтың "Арыс жағасында" әнін, Қарағанды Медициналық университетінің 1 курс студенті Орынбасар Ерболат Ерзатұлы "Қайран уақыт" атты өлеңдерін тарту етті. Кеш соңында ұстаз, аға мұғалім, еңбек ардагері, Қазақ ССР оқу ісінің озық қызметкері Жакина Рымкүл апамыз сөз сөйлеп, өзінің жылы лебізін білдіріп, қарттарымызды құттықтады. Пансионат ішінен буккроссинг ұйымдастырып, кітаптармен таныстырды.