2025 жылдың 25 қазан күні Сарыыарқа алеясында «Туған жерім, тұғырым-Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» КММ-нің №8, 31,22 және №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалы мен №12 балаларға қызмет көрсету филиалдарымен өлкетану бөлімі және ақпараттық библиографиялық бөлім қызметкерлері қатысты. Іс-шараға қонақ ретінде белсенді өмір сүру орталығының мүшелерімен кітапхана оқырмандары шақырылды. Іс-шара барысында оқырмандар өз өнерлерін көрсетті, кітап көрмесіне шолу жасалып тақырыпқа сәйкес викториналық ойындар ойнатылды.

2025 жылғы 21 қазан күні «Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ мен«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ бірлесіп ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты танымдық ойын сағаты өткізілді.Іс-шараның мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту, ел рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу және балалардың танымдық белсенділігін дамыту.Ойын сағаты барысында балаларға арнап қызықты сұрақтар мен викториналар, логикалық тапсырмалар, Қазақстан туралы бейнероликтер көрсетіліп, ел тарихына қатысты танымдық ойындар ұйымдастырылды. Шара өте жылы, достық атмосферада өтті. Балалар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салып, қуана қатысты.
Бұл кездесу балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізді.

2025 жылдың 16 қазанында №16 кітапхана-филиалында жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Лайық батыр» атты әдеби сағат өтті. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған /«Оқитын ұлт» жобасы аясында/ шараға
№4 мектеп оқушылары қатысты.№16 кітапхана-филиал қызметкерлері Бауыржан Момышұлының өмірі, тұрмысы, шығармашылығы туралы презентация дайындады.Екінші бөлімде «Ұшқан үя» өмірбаяндық романы көрсетілді.Оқушылар викториналық сұрақтарға белсенді жауап берді.Іс-шара патриоттық, тәрбиелік мәні зор болды. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының өмірі жас ұрпаққа үлгі болды.

21.10.2025 ж.Республика күні қарсаңында №29 кітапхана филиалында "Қазақ Елі менің Отаным" атты тақырыптық кеш өтті. Шараға "Үміт" балалар-жасөспірімдер орталығының балалары қатысты. Шарада оқырмандарға Республика күні туралы мағлұматтар беріліп, викториналық ойындар ойнатылды.

М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымын Алаш арысы, ақын, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай “Ұлт рухын оятқан тұлға” атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында сарбаздарға ұлы тұлғаның өмірі, қайраткерлігі, еліне еткен еңбегі, соңында қалған мұрасы, туралы ақпараттар беріліп, презентация көрсетілді.Жас сарбаздар да өз кезектерінде Алаш арысының өлеңдерін оқыды.





