2023 жылдың 13 қаңтар күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының әкімдігі, "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт" ММ қолдауымен "Тарихтан сыр шертеді, менің қалам" атты жобасы бастау алды. Бұл жобаның мақсаты: Қарағанды туралы әдебиеттермен таныстыра отырып, қаланың көшелері мен көрікті жерлері туралы мәлімет беру және жиналған ақпараттарды біріктіру, бірыңғай қор құру.
Жоба аясында кітапханамыздың 20 филиалы қала көшелерінің тарихын зерттеп, іс-шаралар өткізеді.
Шараға "Аманат" партиясының өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесі, Қарағанды коммерциялық колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Осы жобаны іске асыруға қолдау көрсеткені үшін Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатына, Облыстық тарихи-өлкетану музейіне алғыс білдіреміз, сондай-ақ қаламыздың өлкетанушыларын, тарихшыларын, мекемелер мен ұйымдарын, жергілікті БАҚ өкілдерін және т.б. аталмыш жобаға ат салысуға шақырамыз.

Ulizi Karagandy   Ulizi Karagandy1   Ulizi Karagandy2

Яндекс.Метрика