"Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-де қаланың 8 халыққа қызмет көрсету орталықтарында "Мобильдік кітапхана" жобасын іске асыру басталды. Бұл келесі серіктестермен бірге іске асырылған кітапхана жобасының заманауи форматы — «Аманат» партиясының "Жастар Рухы" жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы. Жоба "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - заманауи технологиялар базасына негізделген қызметтер спектрін кеңейту, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, Қарағанды авторларының шығармаларын насихаттау. Тұрғындар бұл бастаманы бағалап, жоба қала тұрғындарын көркем әдебиет оқуға көбірек тартуға көмектеседі деп үміттенеміз.

322703035 2315661025301365 6689260888351471543 n   323278715 1332929960789614 1006187038193499025 n   324580796 1858239037902415 4410621574919961767 n

Яндекс.Метрика