1 наурыз, Алғыс айту күніне орай Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде 52 ЖББМ оқушыларына арналған "Алғыс айту - адамның асыл қасиеті" атты шарасы өтті. Шара барысында балалар "рахмет" сөзінің әртүрлі тілдерде қалай айтылатынын зерттеп, мұғалімдерге, ата-аналарға және достарына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ойын барысында балалар логикаға арналған тапсырмаларды қуана орындап, этикет және қоғамда өзін-өзі ұстау ережелері туралы көптеген қызықты фактілерді білді.

Den blagodarnosti   Den blagodarnosti 1   Den blagodarnosti 2

 

Яндекс.Метрика