«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ның қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ М.О.Әуезов атындағы кітапханада 14 наурыз Амал күнін мерекелеу мақсатында «Көрісу күні – ынтымақ пен берекенің бастауы» атты театрландырылған көрініс ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Б.С.Нұртаева, Қарағанды қаласының ішкі істер саясатының басшысы Н.А.Ілияш, ардагер журналист А.Ж.Жанғожин, Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Ш.Тұяқов, орынбасары Р.М.Киманова, жергілікті телевизия өкілдері және «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттерінің корреспонденттері, Қазіргі заманғы көпсалалы колледждің студенттері, қаланың тұрғындары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында жүргізушілер шығып келген қонақтарды Амал мерекесімен құттықтады, кимешек киген әжелер қарсы алып, «Шәкәрім» ауылына, «Мұхтар Әуезов» ауылы мен «Мағжан Жұмабаев» ауылына барып театрландырылған көріністерді тамашалады. Ол ауылдарда қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты Қарағанды облысы «Перизат» қол өнер шеберлігі орталығының өкілдері Қ.Ж.Төлеубаева, Б.Аубакирова және кітапхана оқырманы Ғ.К.Алтайбаева ұршық иіру, жүн түту, құрақ құраудан шеберлік сабақ өткізді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары наурыз көже, бауырсақ, қымыз таратылды. А.Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясының оқушылары ханталапай, тоғызқұмалақ ойындарын көрсетіп, сол мектептің ұстазы С.Балапан бата берді. Іс-шараға инсталляция-кітап көрмесі «Тілектер құдығы», «Мен жастарға сенемін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Дегдар - Мағжан Жұмабаев» деректі фильмі көрсетілді. Мәдени іс-шара бойынша дәстүрлі әндер шырқалды және кітапхана ауласында алтыбақан, қазан, ошақ, самаурын орнатылды.
 
den blagodarnosti1   den blagodarnosti1
den blagodarnosti2   den blagodarnosti4
Яндекс.Метрика