25 қазан күні №15 балалар кітапханасында №1, 11, 14, 29 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен  саяси қайраткер Барлыбек Сыртанұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Алты Алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат» атты саяси портрет кеші өткізілді. 

Мақсаты: оқырмандарға  қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңының авторы, алаш азаматы Барлыбек Сыртанұлының өмірі мен саяси қызметі туралы мағлұмат беру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашылар Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі, Қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңының авторы Б.Сыртановтың саяси-тарихи бейнесін ашып көрсетті. Шараға «Алты Алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат». атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 004 min020

18 қазанда №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында №8,12,22,31,№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалдарымен бірлескен №53ЖББМГ 9 сынып оқушылары үшін «Барлыбек Сыртанов – қазақ халқының мүддесін қорғаған күрескер» атты story timе өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының мүддесі үшін күрескен қоғам және мемлекет қайраткері, «Қазақ халқының Жарғысы» атты ең алғашқы қазақ Конституциясының авторы, ұлт зиялысы Барлыбек Сыртановтың өмірі мен қоғамдық қызметі және «Алаш» партиясының қызметі туралы білімдерін қалыптастыру, патриотизм мен азаматтық сезімді тәрбиелеу.

Шараға «Барлыбек Сыртанов – қазақ халқының мүддесін қорғаған күрескер» атты кітап көрмесі безендірілді, тақырыптық слайд-презентация, бейнеролик көрсетілді.  Қорытындысында Жаңа Майқұдық Мәдениет Үйінің әншісі  Қонқыш Сырым  «Меркі» және «Ай ару» әндерін шырқады. Оқушылар өлең оқып, әндер орындады.

IMG 8710IMG 8712SAM 7345

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика