17 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚК Халықаралық толеранттылық күніне орай «Қазақстан – толеранттылық мекені» атты библиоглобус өтті. Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдениетіне, қызығушылықты қалыптастыру, толеранттылық сананы дамыту, патриотизмге тәрбиелеу. Шара барысында толеранттылық ұғымы жайлы түсінік берілді, қатысушы өзге ұлт өкілдері өз ұлтының салт-дәстүрлері жайлы әңгімеледі. Шараға шақырылған Қарағанды Медициналық университетінің шетелдік студенттері Үнді елінің мәдениетімен таныстырып, ән орындады., сондай-ақ, №87 НОМ оқушылары әдеби-музыкалық өнерлерін көрсетті. Тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.