29 қараша күні №15 балалар кітапхана-филиалының оқу залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай көпшілік оқырмандарға арналған «Біздің Елбасы» атты әдебиеттердің ашық көрмесі өткізілді. Мақсаты: Президенттің өмірбаянымен және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтудағы ерен еңбегімен таныстыру,  еліміздің өміріндегі жаңғыру реформалары мен Қазақстанның халықаралық дәрежесін нығайтудағы жетістіктері жөнінде  ақпарат беру. Шолу барысында оқырмандарға ҚР Президентінің өмірі мен шығармалары жайында ақпарат берілді. Шараға «Президент Н.Ә.Назарбаевтың биографиясы» атты бейнеролик көрсетілді.                                           

 

 115215

 

 29 қараша күні №16 кітапхана-филиалының оқу залында  ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Балдырған» балабақшасының балаларына арналған «Президент болу оңай ма?» атты патриоттық сағат өткізілді. Шараның мақсаты: қазақстандық патриотизм, бейбітшілік, бірлік, ұлттық келісім туралы түсініктерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мен оның Президенті үшін мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.  Шара барысында балалардың назарына Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны  туралы баяндайтын «Біздің Президент» атты презентация ұсынылды және «Светлячок» қуыршақ театры  «Қу түлкі Алиса  және мысық Базилио», «Қандай ғажап күн», «Барбарики – құттықтаймын сені» атты қойылымдарын көрсетті. «Менің елім, менің тағдарам, менің Президентім» атты кітап көрмесіне шолу жасалып фотосессия ұйымдастырылды. Шараға 56 бала қатысты.

патр. час Легко ли быть Президентом д сад БАЛДЫРГАН minпатриотич. час 29.11.17 г minпредставление кукольного театра СВЕТЛЯЧОК min

 

     29 қарашада №8 филиал-кітапханасында Тұңғыш Президент күніне орай №74ОМ 8 «б» сынып оқушыларына арналған «Елбасы ел тірегі» атты портреттік кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.  Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, балаларға Елбасының балалық  шағы, жұмысшылық кезеңі,  Қазақстан үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы ақпарат берілді.  Кеш қорытындысында викторина өткзілді, оқушылар Елбасы туралы жазған өлең жолдарын оқыды.  «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атты портреттік кітап көрмесінің құжаттарына шолу жасалды. 

P1200022 minP1200068 min

 

29 қарашада  күні №2 жасөспірімдерге  қызмет  көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары  №30 ЖББОМ  10-11  сынып  оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлы  дала  перзенті» атты тақырыптық  кеш өткізілді. Мақсаты: оқушыларды  азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеуге, ұлттық сана мен өз  Отаны үшін мақтаныш сезімінің қалыптасуына әсер ету. Шараға Октябрь  аудандық  соғыс  және  еңбек  ардагерлер Одағының  төрағасы Аймағамбетов М.С  төрағаның  орынбасары, Құрманов Т.Қ.  шақырылды. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы тарихи рөлі, оның  балалық шағы мен жастық шағы, қайраткер болып қалыптасу жылдары және қол  жеткізген  жетісітктері  туралы  ақпарат  берілді. Кеш қонақтары Елбасының көрегендігі мен еліміздің жетістіктері жөнінде ойларымен бөлісті. Кеш қорытындысында Елбасының балалық  шағы  туралы  фильмнен үзінді және слайд көрсетілді, «Аңызға  айналған  тұлға» атты  кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалды. 

Фил2юн День Президента min22 

29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  №11 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Елдікке үндеген Елбасы» тақырыбында өмірбаяндық слайд көрсетілімі өткізілді. Мақсаты: оқушыларға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы көрегендік саясаты арқылы елімізді Орталық Азия мен ТМД елдерінің алдыңғы қатарына шығарып, Халықаралық аренада танытудағы тарихи рөлі туралы ақпарат беру. Шара барысында қатысушыларға слайд-презентация, фото және бейнематериалдар көрсетіліді. Кітап көрмесінде оқырмандар назарына «Нұрсұлтан Назарбаев: Өмірбаяны»,  «Жылдар мен ойлар», «Еліне елеулі Елбасы», «Н.Назарбаев –тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» кітаптары мен т.б.құжаттар ұсынылды.   

20171129 143255 min11

29 қараша күні №29 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай №5 ЖББОМ оқушылары үшін «Ұлт көшбасшысы – халық көшбасшысы» атты саяси сағат өтті.  Мақсаты: өскелең ұрпақты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен және қызметімен таныстыру, Тұңғыш Президент күні мерекесінің маңызыдылығы, Мемлекет Басшысының елімізді қалыптастыру мен дамытудағы рөлі туралы түсінік беру. Тұңғыш президенттің жетістіктерін үлгі ете отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.   Шара ҚР Әнұранымен ашылып, «Тұңғыш Президент» атты  слайд-презентациялар көрсетілді. Оқушылар Елбасы туралы өздері жазған эсселер мен өлеңдерді оқыды,  Тақырыптық кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды.   

     IMG 0105 minIMG 0122 min 

№31 кітапхана-филиалында Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш президент – дәуір адамы» атты АРТ-көрме безендірілді. Мақсаты: оқырмандардың ұлт көшбасшысы және тұлға ретінде Қазақстан Президентіне деген танымдық қызығушылықтарын белсенділендіру, тәуелсіз, демократиялық  мемлекеттің құрылуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін ашып көрсету. Көрме кітапхана пайдаланушыларына Елбасымыздың көрнекті тұлғасымен жақын танысуға мүмкіндік берді. Шараға дайындалған АРТ-көрме үш бөлімнен тұрады: К мероприятию была оформлена выставка состояла из трех разделов: «Менің Қазақстаным», «Әлем таныған Елбасы», «Н. Назарбаевтың еңбектері». На основе всех документов АРТ-көрменің барлық құжаттары негізінде Тұңғыш Президенттің ұлт көшбасшысы, азамат, адам ретіндегі тұлғалық бейнесі жан-жақты көрсетілді. Шараға ..адам қатысты. 

4 min7 min

         

№6 кітапхана-филиалында Тұңғыш Президент күніне орай «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған интернат-лицейдің 8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «Әлем брендіне айналған тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы ақпарат беру, әдебиеттерді насихаттау, ой-өрісін байыту, Отанды сүюге, ҚР Президентін құрметтеуге тәрбиелеу.  Шара барысында «Елбасының өмірі мен қызметі», «Елбасы және Теміртау», «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Елін сүйген- елі сүйген Елбасы», «Тәуелсіздік.Ұлт көшбасшысы», «Әлем брендіне айналған тұлға» тақырыптарына шағын баяндамалар жасалды. «Тұңғыш Президент күні» атты презентация мен бейнеролик көрсетілді. Шраға Тұңғыш Президент пен тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдеріне арналған «Кемеңгер Елбасы- ырысы елімнің» атты суретті кітап көрмесі безендірілді.

SAM 0851 minSAM 0870 min

    

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика