2018 жылы 7 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы  орталық қалалық кітапханада Халықаралық денсаулық күніне арналған  әлеуметтік көмек бөлімімен бірлесе мүгедек балалармен  «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» атты ақпараттық сағат өтті. Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.Шара әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің  қызметкерлері денсаулық туралы ақпарат берді. Балалар сурет салып және сурет жапсырғыштарды құрастырды. Кітапхана қызметкерлері «Айлакер түлкі» атты  ертегі қойылымын қойды. Шара соңында барлығы би билеп, көңілді тарқады.

цгб1 цгб2

 

Яндекс.Метрика