2018 жылдың 13- қыркүйегінде Қарарағанды қалалық М.О.Әуезов атындағы орталық кітапханасында бірлескен «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Дөңгелек үстел Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің студенттерімен өткізілді.Дөңгелек үстелді өлкетану бөлімінің кітапханашысы Таңшолпан Ғабдоллақызы жүргізді.Заман талабына сай еңгізілген латын әліпбиіне көзқарастарын білдірген студенттер, латын әліпбиінің мүмкіндіктерінің мол екеніне үміттері зор. Еркін пікір, ой алмасқан дөңгелек үстел шарасында слайд көрсетіліп, тәжірибелік тапсырмалар ойнатылып, студенттерді сергіту мақсатында логикалық сұрақ-жауап жүргізілді. Шара студенттерге жаңа көзқарас қалыптастырды деген сенімдеміз.