2019 жылдың 16 қаңтар күні М.Әуезов атындағы орталық қалалық  кітапханада жазушы  Саттар Ерубаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Шеберлік пен шабыт» атты әдеби портрет кеші болып өтті.

Мақсаты:Жасындай жарқ еткен қысқа ғұмырында артында өшпес мұра қалдырған, қазақтың біртуар талантты ұлы  Саттар Ерубаев өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мағлұмат беру, өнегелі өмірін үлгі ету, шығармаларындағы адамгершілік идеяларымен таныстыру.

Іс шараға А.Байтұрсынов атындағы №41 мектеп – гимназиясының 6 «ә» сынып оқушылары қатысты. С.Ерубаевтың  өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтылды. Оқушылар қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап берді. С.Ерубаев  туралы бейне экскурсия жасалып, балаларға қысқаша видео-ролик көрсетілді. 

IMG 20190117 WA0013

 

IMG 20190117 WA0014

 

Яндекс.Метрика