2023 жылдың 24 мамыр күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-ның қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Тарих және уақыт» жобасы аясында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты тақырыптық кездесу өтті. Тағы да тарих беттеріне жүгінетін болсақ, елдің басына түскен ауыр жылдар халық санының азаюына, ел эканомикасының құлдырауына, ел арасының ыдырауына әкеліп соқтырған еді. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімі тарих беттерінен ешқашан өшпек емес! Іс-шара алдында саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы модератор жиналған қауыммен амандасып саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпарат беріп өтті. Шарада алғашқы сөз Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының кіші ғылыми қызметкері З. Г. Жұмағазықызы берілді. Музей қызметкері өз сөзінде Елім деп еңіреген, саясаттың құрбаны болған арыстарымыздың суреттерімен таныстырып шықты. №18 мектептің 4 сынып оқушысы Самат Айғаным Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемінен «Мамочкино моласы» үзінді оқыды сонымен қатар Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің «Серпер» домбыра үйірмесінің жетекшісі Б.Қ. Балтабайұлының орындауында «Қайран ел» күйін нақышына келтіріп орындады. Іс-шараға Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының кіші ғылыми қызметкері З. Г. Жұмағазықызы, М.Жұмабаев атындағы гимназиясының тарих пәні мұғалімі С.А.Тұрсынұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі О.Д.Қызылбайұлы мен 11- сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға 25 адам қатысты.

348828988 933537694565001 5323966171974229432 n   349079274 6206443992785942 9175769327144811014 n

Яндекс.Метрика