М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміндегі "Даму кеңістігі" коворкинг орталығында "Табиғат туралы кітап оқимыз!" кітап оқу күні өткізілді.
Шараның мақсаты: балаларды оқуға тарту, оларды жан-жақты дамыту және Қазақстанның табиғатына арналған әдебиеттермен таныстыру.
 
291853182 572235447905603 4550555537761296877 n   291906126 572235484572266 8104215942500850836 n   291915446 572235471238934 1931475887349903097 n

Жазғы оқу бағдарламасы аясында "Сүйікті ертегілер оқимыз" шаралар топтамасында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері "Ақниет" балабақшасында "Мақта қыз" ертегісін балалармен бірге оқып, қойылым көрсетті.

289875809 566182241844257 8417517703191204206 n   289972183 566182275177587 6104334905793685140 n   290242926 566182338510914 6978921138571883024 n

2022 жылдың 1 шілде күні "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай "Домбырам асыл мұрам" атты шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы барысында кітапхана қызметкері келушілерге қасиетті аспаптың тарихы, домбыра туралы ақпарат беріп, ойындар өткізді. Шеберлік сабағына домбырада ойнауды үйренгісі келетін оқырмандар қатысты. Шеберлік сабақтың қонағы кәсіби маман, Алматыдағы консерваторияның түлегі, Республикалық байқаулардың жүлдегері "Есіл" студиясының оқытушысы Ерасыл Теміреев. Ол балаларға домбыра үйренудің бастапқы кезеңдерін көрсетіп, соңында Н.Тілендиевтің «Әлқисса» және Қ.Ахмедияровтың Н.Тілендиевке арналған «Арнау» күйлерін орындады.

291183515 571567154639099 1454362405435886592 n   291352830 571567107972437 4638598137459750798 n  291566453 571567071305774 8971377234541309463 n

М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада "Бір ел — бір кітап" акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Маса" өлеңдер жинағын талдау бойынша ашық іс-шара өткізілді. Мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасын талдап, тарихи маңызын анықтау, шығармалары арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу, мысалдарының мазмұнын ашу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу, шығармаларын дәріптеуге үйрету. Ашық іс-шара барысында №4 кітапхана филиалының меңгерушісі Д.М.Ақпанбек Ахмет Байтұрсынұлы туралы менталды картамен таныстырды.

291444136 571499151312566 2357345437071665826 n   291513732 571499164645898 8833845591552482655 n   291621447 571499114645903 2200688341382797372 n

Қаламыздың орталық саябағында Елорда күнін мерекелеу бастау алды. Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі атаулы күнге орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. «Open interactive space» алаңы (менталды карта, интерактивті плакат, Leаrning apps және Kahoot сервистері арқылы ойын ойнау), зияткерлік бағдарламалар мен квесттер алаңы, спорттық ойын-сауық алаңы, шығармашылық алаңы, «Сирек кітап» кітапханалық-ақпараттық насихаттау алаңы, «Буккроссинг», әр жастағы оқырмандар үшін Нұр-Сұлтан бойынша кітаптардың тақырыптық қаралымы, «Светлячок» қуыршақ театры, қарағандылық жазушы, журналисттер Одағының және Қазақстанның театр қайраткерлері Одағының мүшесі Н.Инжевскаямен кездесу аталмыш шараның бағдарламасына енгізілді.

290424893 574744714321343 1300407581755911125 n   291611343 574744654321349 7429511389540606717 n   292345083 574745114321303 7518929476925066838 n

 

292384607 574745304321284 5199806487356319091 n   292434230 574745600987921 2654537924448065496 n   292544957 574745180987963 8083377520388862695 n

Яндекс.Метрика