22 шілдеде № 29 кітапхана филиалында № 27 кітапханамен бірге М. Әуезовтің  «Қараш-қараш» повесін талқылау өткізді.

«Қараш-қараш» повесін  таңдап алған себебіміз М.О.Әуезовтің шығармаларын оқырмандарға насихаттап, қазақ жазушыларының кітаптарын оқуға тарту.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі,  филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына биыл 125 жыл. Кітапхана оқырмандары М.О.Әуезовтің «Қараш-қараш» повесін оқып өз ойларымен бөлісіп, әр кейіпкерге мінездеме берді. «Қараш-қараш»  филімінен үзінді көрсетіліп, «Ұлттың ұлы жазушысы» атты кітап көрмесіне  шолу жасалды.

Рисунок1   Рисунок2   Рисунок3

Яндекс.Метрика