24 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімі Кітапхана алдындағы алаңда ☕ 🥞"Дәмді Оқу"☕ 🥞 библиокафесін өткізді.

Іс-шараға "Султик" клубы, кітапхананың белсенді оқырмандары мен қала тұрғындары қатысты.

🧺 🍐 🍎 🍑 🥝 Қатысушылардың назарына балалар дайындаған "Күзгі көңіл-күй" жеміс себеті, 🧁"Авторлық" орамдары, 🍕"Остросюжетная" пиццасы және 🍰"Новинка"торттары ұсынылды.

"Библиокафе" жұмысы кезінде "Кітап мәзірі" түрінде викторина өткізілді. Викторина жеңімпаздары сыйлықтармен және электронды форматтағы танымдық жаднамамен марапатталды.

"Мәзірде" ұсынылған тағамдар тақырып бойынша кітаптармен бірге инсталляциямен жабдықталды. Іс-шара өткізу кезінде қатысушыларға какао мен тәттілер ұсынылды. Библиокафе таза ауада пикникпен аяқталды.

1212   опо   рр

Яндекс.Метрика