2025 жылдың 11 ақпанында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының 91 жылдығына орай «Сарыарқа төріндегі кеншілер шаһары» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға Академик Е.А.Бөкетов атындағы ЖББОМ оқушылары және №2 өнер мектебінің оқушылары және ұстаздары қатысты. Оқушыларға қаламыз жайлы қызықты деректер айтылып, викториналық сұрақтар қойылды.
№2 өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік іс-шарамызды әсем әуенмен әрледі. Өнер көрсеткен оқушылардың жетекшілеріне алғыс хат табысталды.

Халықаралық кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Осы мерекеге орай "Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-ның М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының және кітапхана филиалдарының қызметкерлері қоғамда кітап оқитын адамдардың санын арттырып, рухани құндылықты насихаттау, кітап оқу дағдысына баулу мақсатында кітап сыйлап акциясын өткізді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері “Global City”, "City Mall", "Таир", "Абзал" т.б. сауда орталықтарында және "КазПошта", "31775 әскери бөлімі", қала мектептері мен қала тұрғындарына викториналық ойындар ойнатып, оқырман билеттері мен кітаптар сыйға тартты.
Кітап сыйлау акциясы аясында кітапханамыздағы оқырмандар саны едәуір артты.

7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек жылы" ойын бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында ұлдар мен қыздар екі командаға бөлініп, жеңіс үшін күресті. Мәреге жеткенде олар қызықты тапсырмаларды орындады, логикалық тапсырмаларды шешті және ситуациялық жаттығуларды талдады.







