2022 жылдың 1 маусым күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Балалар жылы аясында «Балалық шақтың жарқын беттері» атты танымдық ойын-сауық бағдарламасы өтті. Іс-шараға №3 мектеп-гимназия жанындағы лагерь балалары, кітапхана оқырмандары қатысты. Шараның мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Мерекелік шарада өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды кітап оқуға баулу және кітапханамен таныстыру. Шара барысында әртүрлі ойындар ойнатылып, Тойшыбекова Лунара мен Махина Софияның орындауында әсем әннен шашу шашылды.

285607549 551808693281612 8946893329476666644 n   285664163 551808639948284 1105823613487370306 n

Яндекс.Метрика