Қарағанды қалалық М.О.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханасы

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған

«Ұрпақтан тағзым және естелік» атты онлайн байқауы

   Мақсаты: Ұлы Отан соғысының халық жадына салған жарасы мен Ұлы Жеңістің маңыздылығын насихаттап, жас ұрпақтың санасында  отансүйгіштік пен ардагер батырларымызға деген құрмет пен тағзымды арттыру.

Конкурс бойынша номинациялар

«Ардагерге ашық хат»

«Қарағанды батыры» өлең жолдары

 «Соғыс кітап беттеріне табан тіреді»

Байқау  ережелері:

  • Байқауға қатысушылардың жұмыстары 7-сәуірден 5-мамыр аралығығында қазақ тілінде және орыс тілінде қабылданады;
  • Байқау онлайн түрде өтеді;
  • Қатысушы міндетті түрде біздің әлеуметтік желідегі @auezov_lib_krg инстаграм парақшасына тіркелген болуы керек;
  • Қатысушы оқырмандардың жас ерекшеліктері шектелмейді;
  • Жіберілген жұмыс бұрын соңды ешқайда жарияланбаған болуы шарт;
  • Байқауға қатысушы электронды пошта арқылы немесе төменде көрсетілген ватсап нөмеріне жіберу қажет;
  • Тіркелуші өзінің толық аты жөнін, мекен жайын, оқу орнын немесе жұмысы бойынша ақпарат , сондай ақ байланыс номерін көрсету керек;
  • Байқау қорытындысы мен марапаттау 8-мамыр күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында жарияланатын болады;

8778 509 5007 ватсап

@auezov_lib_krg

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

42-11-56

Слайд1   

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени шара туралы ақпарат

     21 ақпанда №4 кітапхана-филиалында «Ұлт рухы және дәуір нышаны»  атты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай тарихи дилижанс өткізілді. Іс шара барысында №137 мектептің тарих пәнінің оқытушысы Қ.Макажанов Қазыбек бидің өмірбаяны мен шешендік жолы туралы жастарға мол мағлұмат берді. Кітапхана қызметкерлері Қазыбек би туралы жазылған құжаттармен таныстырып, бейне слайдтар көрсетіп,  Қазыбек бидің нақыл сөздерімен шешендік өнері жайлы ой қозғады.

IMG 20200221 WA0029   IMG 20200221 WA0046

     Өскелең ұрпаққа туған қаласының көрікті жерлерінтаныстыра отырып, отаншылдық сезімін ояту, балаларды кітапханаға тарту, әдебиеттерді насихаттау мақсатында  №23 кітапхана филиалында  «Менің қалам менің тағдырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге №12 мектебінің екінші сынып оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері келген оқушылраға жалпы кітапхананы таныстыра келе көрмеге тоқталып, қаламыздың көрікті жерлеріне байланысты кітаптарды, мәліметтерді таныстыра кетті.

IMG 20200221 WA0023   IMG 20200221 WA0033

Хабарландыру 

10 ақпан күні сағат 15-00-де біздің сүйікті қаламыздың туған күніне орай, Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Қарағанды қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасын бастайды. Тележобаның құрметті қонақтары Қарағанды қ. әкімінің орынбасары Н.Р.Бикенов, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының басшысы Т.Т.Аршабеков, академик, аймақтық даму жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры А.А.Әлімбаев, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі А.Ж.Жанғожин, академик, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі М.А.Қалқабаев.

Бұл жобаның мақсаты – қала тарихы мен қаланың дамуына үлес қосқан адамдары туралы білімді арттыру, өз қаласына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Сіздерді Ерубаев көшесі, 38 мекен-жайы бойынша іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Қала күніне орай іс-шара  

    10 ақпан күні қаламыздың туған күнінде орай  облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Қарағанды қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қолдауымен "Қарағанды қ. ОКЖ" КММ "Өлке тұлғалары" кітапханалық тележобасы өз жұмысын бастады. Аталмыш тележоба ай сайын М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада өткізіліп тұрады. Мерекелік шараға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Бикенов, мәдениет және өнер майталмандары Т.Т.Аршабеков, Ә.Ә.Әлімбаев, С.Ақсұңқарұлы, А.Ж.Жанғожин, Е.С.Амиров, С.Жанысбай, М.М.Қарасартов, Т.Н.Ыдырысов, М.Бекишев, М.И.Галяс қатысты. Барлық қатысушыларды қала әкімінің орынбасары мерекемен құттықтап, қала әкімі Н.Е.Әубәкіровтың атынан грамоталармен марапаттады. Шара қонақтары қала тарихы, оның құрылуы туралы, қала дамуына өз үлестерін қосқан адамдар туралы көптеген қызықты ақпараттарды білді. Кітапхана еріктілері қонақтарды мерекемен құттықтай отырып, "Қарағанды жас қалам" әнін орындады. Кеш қонақтары жастарды сүйікті қаламыздың өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды.

1IMG 0138   1IMG 0171   1IMG 0175   1IMG 0180   

1IMG 0208   1IMG 0253   1IMG 0264   1IMG 0270

    

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени іс-шаралар ақпараты

     2020 жылдың 21 қаңтар күні №31 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Тау-кен индустриалды колледжінде, 1 курс оқушылары үшін М. Сейтқұловтың 150 жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты жастарды алашордалық, мәдениет меценаты Мұхамедхан Сейтқұлов туралы әдебиеттерді оқуға тарту болды. Шара барысында М. Сейтқұлов туралы мерзімді басылымдар ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушылар М. Сейтқұловтың өмірінен қызықты деректер білді, М. Сейтқұловтың үй кітапханасы ұйінің үлкен залында орналасқаны туралы, М. Сейтқұлов өз үйінде М.О.Әуезовке "Еңлік-Кебек" және "Қаракөз" пьесаларының алғашқы дайындықтарын өткізуге мүмкіндік бергені жайлы білді.  Тау-кен индустриалды колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Фарида Рашидқызы Мухамедхановтар отбасының өмірі мен олардың "Алаш"партиясындағы қызметі туралы әңгімеледі.

IMG 20200121 WA0020   IMG 20200121 WA0021

     2020 жылдың 21 қаңтар күні №14 кітапхана-филиалында Ұлы  Жеңістің 75 жылдығына орай «Халық  ерлігінің ұлылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме «Елін өз жүрегімен қорғады», «Кітаптар естеліктерді жаңғыртады» атты бөлімдерден құралды.  Кітапханашылар оқырмандарға Ұлы Отан соғысына, Кеңес халқының ерлігіне арналған басылымдарға қысқаша шолу жасады.

20200109 134554   20200116 130428

     2020 жылдың 21 қаңтарында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Еріктілер жылы аясында кітапханада волонтерлік қозғалысты дамыту, кітапханадағы еріктілердің мәдени-ағартушылық жұмыс жоспарымен таныстыру, кітапханалардың практикалық қызметіне волонтерлерді тарту мақсатымен "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ қызметкерлерінің бір күндік акциясы өтті. Акция  барысында кітапханашылар қызмет көрсететін шағын аудантұрғындарына, М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана мамандары әзірлеген құжаттар пакеті – волонтерлармен жұмысының жылдық жоспары, кітапхана волонтерларының жүргізетін жұмысы туралы жазылған  үлестірме материалдар таратылып, жастардан сұхбат алынып, әңгіме жүргізілді.

S1010002    DSC0329    DSC0313    DSC0304   1   2   3   20200121 110957  20200121 120909   20200121 140919   IMG 20200121 120934

Яндекс.Метрика