«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

     29 тамыз күні №15 балаларға қызмет көрсету филиалында  аула балаларымен  «Спорт - бақытқа апарар жол» атты салауатты өмір сүруге дағдыландыру мақсатында  іс-шара өтіліп, қатысқан балалардың дәйім көбі орта буындарғы -  мектепке дейінгі жасөспірімдер болды. Кітапханашылар салауатты өмір сүру әр баланың қолында екенін сөз ете келе спортқа барып, өздері қалған секцияларға қатысуға бағыт-бағдар берілді.

IMG 20190828 WA0058 1   IMG 20190828 WA0077 1   IMG 20190828 WA0083

    29 тамыз күні Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Г.Б.Қосжан «Бейбітшілік, бірлік пен келісімнің заңы» атты кітап көрмесін өткізді. Іс-шара мақсаты Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып бүгінгі өмірмен байланыстыру болды. Аталмыш шара АҚҰ қызметкері аға лейтенат Такиров Елжан Оразұлымен бірлесіп өткізілді.

IMG 20190829 WA0025   IMG 20190829 WA0026

   29 тамыз күні № 22 кітапхана-филиалында Конституция күніне орай «Конституция - адам құқығының сенімді қалқаны» атты ақпараттық-минут өткізіліп, қатысушыларды  ҚР Конституциясымен, негізгі ережелермен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттерімен қысқаша таныстырылды. Шара барасында кітапханашылар оқырмандарды заңдарды құрметтеуге және, патриоттық сезімге, интернационализмге, өз Отанын сүюге тәрбиелеп, осыған байланысты ақпаратпен таныстырды.

IMG20190829104632   IMG20190829104752

     29 тамыз күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметерлері Жамбыл атындағы гимназияның 5 «ә» сынып оқушыларына «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты шара ұйымдастырды, мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, әдептілік және өз халқына берік азамат пен азаматшалар болуын тәрбиелеу болып табылды.

IMG 20190829 WA0045   IMG 20190829 WA0046   IMG 20190829 WA0047

     29 тамыз күні №11 кітапхана филиалында Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты кітап құқықтық әдебиеттер көрмесі  ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: еліміздің Ата заңы жөнінде түсініктерін тереңдету. Конституция ұғымын тарауларын, қабылдануын, оқушыларға өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Көрмеге тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдердегі қазақтың дала заңынан сыр шертетін «Қазақтың Ата Заңдары» жайындағы кітаптар мен 1995 жылдың 30 тамызында  қабылданған ҚР-ның Конституциясы, Ата Заңымыз туралы мерзімді басылымдардан деректер, т.б. мәліметтер қойылды. Ондағы кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

Яндекс.Метрика