Қызықты кітап оқимын
Мейрамыңмен!
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Онлайн режимінде кітапханалық қызметтер!
Құрметті оқырмандар!
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапхана қызметтерін онлайн режимінде пайдалануды ұсынады.
- Кітапхана қорынан құжат үзіндісінің электрондық көшірмесіне тапсырыс беру.
Өтінімді толтырып, сізге қажет кітап үзіндісін немесе мақаланың электрондық көшірмесін үйден шықпай-ақ өзіңіз поштаға алыңыз. Қызмет тегін.
- Деректер базасына кіру:
Кітаптар - жергілікті жазушылардың сандық кітаптарына онлайн қол жеткізу.
«Боздақтар. Книга памяти. Афган 1979-1986»; Халиолла М. «Парыз», «Ой сүзбе»; Пономаренко Е. «Старичок - Лесовичок», «Сказки для самых маленьких», «Птичья азбука», «Милосердие», «Опаленное детство», «Солнечные сказки для маленькие: Стрекоза и голубь», «Солнечные сказки для маленьких: Зачем улитке…»; Бектұрсын М. «Сортировка – любовь моя», Аралбай Т. «Қазақ шежіресі»; Зима В. «Снова муза в моем доме»; Бақриденқызы Б. «Балқантау - асыл бесігім», «Қазыбек Би Келдібекұлы»; Шөженов Ж. «Ақжолтайдың ақ жолы»; Байтуов Ж. «Көшім-Күлжан»; Жанысбай С. «Ақтоғай - арыстар мекені», «Ақабайдың ала қабы»; Кукушкина А.Р. «Акмолинский лагерь жен Изменников родины история и судьбы».
ДБ «Қарағанды - ғарыш айлағы»
ДБ «Афган 1978-1989жж.»
III. Онлайн-кеңесші, виртуалды анықтама қызметі (сс-сб. 9:00-16:00)
- Электрондық каталог, 57503 библиографиялық жазба ұсынылған.
- V. Кітаптарды кітапхана сайты арқылы, электронды пошта және телефон арқылы онлайн ұзарту.
- VI. Қарағанды қаласының ҰОС ардагерлері туралы YouTube арнасы ашылды. Бұл жерде ҰОС ардагерлері Б. Е. Есжановтың, Г. Л. Степенконың естеліктерімен танысуға болады (https://www.youtube.com/channel/UCqHbiyffYqiZw8InHJAKjAQ) және «Арқа тұлғалары» кітапханалық тележобасына YouTube арнасы ашылды (https://www.youtube.com/channel/UCPkdy5NIgyhi4F02VGucmA/featured?view_as=subscriber)
VII. Біздің қаламыздың танымал адамдарының ой-толғаныстары, олардың өмірінде қандай орын алатындары туралы «Жұлдызды оқырман» желілік жобасы әңгімелейді (https://www.youtube.com/channel/UCPkdy5NIgyhi4F02VGucmA/featured?view_as=subscriber).
YouTubeYouTube
Сұрақтар 42-12-26, 42-12-27 телефоны бойынша немесе электрондық пошта арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. қабылданады.
Сондай-ақ басқа да жаңалықтармен, қызықты хабарламалармен, кітап шолуларымен, түрлі тақырыптар бойынша презентациялармен, желілік акциялармен және кітапханалық маршпен кітапхананың instagram.com/auezov_lib_krg Instagram парақшасында таныса аласыздар.
Онлайн-режимде кітапхана пайдаланушылары үшін викториналар, сайыстар, жаңа әдебиеттерге шолулар, балаларға арналған "Сиқырлы ертегілер әлемі" дауыстап оқу сағаты, ата-аналарға арналған "Скрайбинг" техникасы бойынша мастер-класс, Zoom бағдарламасы бойынша кітапхана қызметкерлеріне арналған бейне кеңестер өткізіледі және Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетел кітапханаларының онлайн-кітапханаларына сілтеме беріледі.
Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары! 30 наурыз қала аумағында карантин режимі енгізілді.
Онлайн жүйеде ой талқы
"Соғыс жайлы кітаптар оқимыз"
Достар, Қарағанды қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Соғыс жайлы кітаптар оқимыз» онлайн жүйеде ой талқыға шақырады. Мұнда өзіңізге ұнаған соғыс туралы шығарманы немесе сол кітаптың кейіпкері туралы баяндасаңыз болады. Онлайн ой талқының басты мақсаты ел басына күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен кездегі тоз-тозы шыққан халықтың жан күйі баяндалған кітаптарды насихаттау. Әлеуметтік парақшаларымызға пікір білдіріп, ойларыңызбен бөліссеңіздер. Қандай кітап оқыдыңыздар немесе батырлар туралы қандай естеліктер білесіздер бізге баяндаңыздар. Бейнеролик жұмыстарыңыз болса біздің электронды поштамызға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. немесе 87785095007 нөміріне жіберсеңіздер болады. Сіз төмендегі қай кітапты оқыдыңыз? Нағи Ілиясов «Жауынгер жолы» Әлжаппар Әбішев «Жас түлектер» Сәуірбек Бақбергенов «Белгісіз солдат Қасым Қайсенов «Жау тылында» Әди Шәріпова «Партизан қызы» «Ормандағы от», «Тон», «Арбасу» Сіз қандай кітап оқуға кеңес бересіз?