«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
өткізген мәдени шаралар ақпараты
2019 жылдың 20 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың және №22 мен №5 балаларға қызмет көрсету филиалдарының қызметкерлері латын әліпбиі бойынша сабақ өткізді.
М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Калышбекова А.Ж «Әліпбидегі өзгерістер» танымдық сағатын өткізді. Ал №22 кітапхана – филиалының кітапханашысы Өртенхан.П«Латын қарпіне енгізілетін өзгерістермен таныстыру» түсіндірме сағатын өткізді. Іс-шара барысында өтілген тақырыптар бойынша сөздік диктант пен мәтіндер оқытылды. Сонымен қатар №5 балаларға қызмет көрсету филиалында, «Латын әліпбиінің тарихы» көрме сағаты өткізілді. Іс – шара барысында оқырмандарымыз латын қарпінің тарихы жайлы бірнеше сұрақтар қойып, латын қаріпі бойынша басылымдарға шолу жасалды.
2019 жылдың 20 қараша күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің арасында өзін-өзі дамыту және тереңдете оқу мақсатында талқылау сағаты өткізілді. Онда Ш.Айтматовтың өмірімен және шығармаларымен танысып, әр қызметкер өз оқыған шығармаларынан алған әсері жайлы ой бөлісті.
2019 жылдың 20 қараша күні №22 кітапхана-филиалында жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Дәуір және тұлға» тақырыбында портреттік кеш өтті. Мақсаты: оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріп, олардың арасында жазушының шығармаларына қызығушылық тудыру. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде ұсынылған кітаптар оқырмандарға жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен кеңінен танысты.
2019 жылдың 20 қараша күні № 23 кітапхана-филиалында Қарағанды қаласының 85 жылдығына орай «Қазақстанның киелі жері-Қарағанды» атты әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға туған өлкенің киелі жерлерін таныстыру, патриоттық сезімдерін ояту және осы бағыттағы кітаптарды насихаттау. Шараға Теміржолшылар мәдениет үйінің қызыметкерлері мен зейнеткер оқырмандарымыз қатысты.
2019 жылдың 20 қараша күні № 12 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған, балалар құқықтарымен таныстыру мақсатында 5-6 жастағы балалар үшін "Жұлдызды сағат", "Мен-бала, Мен-азаматпын!" атты зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
өткізген мәдени шаралар ақпараты
2019 жылдың 19 қараша күні Жастар жылы аясында «Поэзия – рухани азық» ақындық батлы Ф.Оңғарсынованың 80-жылдығы қарсаңында өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру
Фариза - кешегі Тұмар ханымнан бастап Әлия мен Мәншүкке дейінгі ұлтымыздың қаһарман қыздарының поэзиядағы қайталанбас көрінісі. Ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке, нәзік болуға, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол іспетті. Фариза өлеңіне жазылған әндер де мол. Шара барысында ақынның өлеңдеріне жазылған «Қазақ қызы», «Жайықтың толқындары», «Мен саған ғашық едім» атты танымал әндерін Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері Хайролла Аймағанбет, Золат Алтынбек нақышына келтіріп орындап, лицей оқушылары Сағынтаев Б., Нұржанқызы Н. «Балбырауын» күйімен кештің сәнін келтірді. Сонымен қатар, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері және Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей оқушылары Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқуда сайысты. Шара соңында «Қазақ поэзиясының падишасы» кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
іс-шаралары туралы ақпарат
2019 жылы 16 қазанда «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де АНТ жұмысы аясында ҚР Президентінің "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының ережелерін түсіндіру мақсатында, МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарын түсіндіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кезеңдерін енгізу бойынша және ақпараттық материалдарды тарату мақсатында №29 кітапхана-бөлімшесі оқырмандарының медициналық қызметкерлермен кездесуі өтті. Іс-шараға БПНД бірінші бөлімінің меңгерушісі Н. Н. Шутилина, БПНД екінші бөлімінің аға медбикесі Е. А. Муканова, БПНД бөлімінің меңгерушісі Е. Н. Соловьева қатысты. Кездесу барысында МӘМС енгізудің негізгі мәселелері, оны іске асыру кезеңдері және медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары талқыланды.Кітапхана оқырмандары МӘМС енгізуіне байланысты барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер және ақпараттық буклеттер алды. Іс-шараға МӘМС туралы мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Одан әрі кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының ережелерін түсіндіру аясында алға қойылған жалпы мемлекеттік өзекті міндеттері, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту, зейнетақы жүйесінің тиімділігі, міндетті медициналық сақтандырудың артықшылықтары және т. б. туралы айтып берді.
16 қазан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында «Міндетті медициналық қорғау-халық кепілдігі» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Шараға Облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі О.В. Чернышова және дәрігер А.С. Жумагалиева қатысып жиналған көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, міндетті медициналық сақтандыру туралы әлеуметтің және құқықтық жақтарынан толық ақпарат беріп, бұл пилотты проект Қарағанды облысында бірінші болып қолға алынғанын атап айтты.
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
өткізген мәдени шаралар ақпараты
2019 жылдың 06 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың және №22 мен №5 балаларға қызмет көрсету филиалының қызметкерлері латін әліпбиі бойынша сабақ өткізді.
М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Калышбаева А.Ж «Латын әліпбиіндегі өзгерістер» тақырыбында түсіндірме сағатын өткізді. Ал №22 кітапхана – филиалының кітапханашысы Өртенхан.П «Латын қаріпінің бірге жазу емлесі» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара барысында екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылатыны жөнінде түсіндіріліп, бірнеше мысалдар келтірілді. Сонымен қатар №5 балаларға қызмет көрсету филиалында, №85 ЖББОМ 5 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуен» ойын сабағы өткізілді. Іс – шара барысында оқырмандарымыз латын қарпінің тарихымен танысып, мәтіндерді оқуға дағдыландырды.
2019 жылдың 06 қараша күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің арасында өзін-өзі дамыту және қазақ ақындарын тереңдете оқу мақсатында талқылау сағаты өткізілді. Оңда С.Қалиев, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев сынды авторлардың шығармашылықтары туралы айтылып, әр қызметкер өзі оқыған туындысынан үзінділер оқыды.
2019 жылдың 7 қараша күні №27 кітапхана-филиалының қызметкерлері ЖББОМ №21 мектептің оқушылары үшін Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың соңы» кітабы мен А.Тәжібаеваның өлеңдеріне негізделген «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында «Жазушылардың көп қырлы таланты» атты ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында кітапханашы жазушы Ә.Кекілбаев пен ақын А.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, романның мазмұнын қысқаша сипаттап, А.Тәжібаевтың өлеңдерін оқып, оқушыларды акцияға қатысуға және осы кітаптарды оқуға шақырды. Мақсаты: жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, осы авторлардың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру.
Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде
өткізілген мәдени шаралар ақпараты
Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №6 филиалында «Рухани жаңғыру» аясында Сәкен сынды сұңқар ақынның баға жетпес мұрасын жас ұрпаққа ұлықтап, таныту мақсатында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин – сұлу жырдың сұңқары» атты шарасы Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірге өткізілді. Аталмыш шараға Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Смағұлов Нұртас Бірлікұлы, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры Қалкенов Нұрсұлтан, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының актеры Снегирев Константин және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі шақырылды. Шара шағын көрініспен ашылып, С.Сейфуллиннің көркем туындылары, оның тар жол тайғақ кешуге толы өмір жолы жайлы жүргізушілердің сөздерімен жалғастырылды. Шара барысында Қ.Байжанов концерттік бірлестіктің әншісі ақынның ел ішінде кең таралған «Көкшетау», «Біздің жақта», «Тау ішінде» әндерін нақышына келтіре шырқады, ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылды. Шараға арнайы дайындалған «Сәкен есімі мәңгі» кітап көрмесіне шолу жасалып, "Сәкен Сейфуллин – сұлу жырдың сұңқары" атты слайдтар көрсетілді.