4 қазанда «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №11 кітапхана филиалында Темітау қаласының құрылғанына 80 жыл толуына орай «Тұғыры биік Теміртау» атты өлкетану сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқырмандараға қала тарихы туралы ақпарат беру, Теміртау қаласы жайлы деректермен таныстыру, жастардың бойына Отанға, туған өлкеге, жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, ой-өрістерін кеңейту.
Шара барысында кітапханашы ірі индустриалдық орталық – Теміртау қаласының құрылу тарихы, экономикасы, қаланың мәдени тынысы, білім ордалары, спорттық кешендері туралы мағлұматтар беріп, арнайы жасақталған кітап көрмесімен таныстырды.

2025 10 06 085433    2025 10 06 085445    2025 10 06 085439

Яндекс.Метрика