«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

 «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де өткізілген іс-шаралар туралы

Ақпарат

"Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"КММ-де офлайн және ZOOM платформасында Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналының Бас редакторы, ақын, жазушы Серік Сағынтайдың шығармшылығын насихаттауға арналған "Көктемнің мөлдір тамшысы" атты байқауы өтті. Байқаудың демеушісі білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы. Байқауға өтініш білдірген 16 мен 25 жас аралығындағы 30-ға жуық үміткер іріктеліп, үздік деп танылған 11-і ақтық сында бақ сынасты. «Saryarqa aqparat» ЖШС директоры Қамбар Ахмет төрағалық еткен қазылар алқасы құрамында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ғазиза Смағұлова, филология ғылымдарының кандидаты Азат Бабашов, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санаттағы мұғалімі Жаңагүл Түсжанова, кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кейкина болды. Байқауда қазылар алқасы жазылған эсселердің оқып жеткізу мәнеріне, сахна мәдениетіне баса назар аударып, кемшіліктерін де ескертті. Қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен «Қарағанды» энциклопедиясы кітабы табысталды. III орынды 35 мың теңге сертификатын А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 11 «А» сынып оқушысы Наурызбай және Аятолла мен №61 орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы Әбдісамат Абитаев иеленді,
II орынды 60 мың теңге сертификатын Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының меңгерушісі Гүлмаржан Қосжан иеленді, I орынды 100 мың теңгелік сертификатты №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанкелді Тоқтамұрат жеңіп алды.

IMG 7824  IMG 7815  IMG 7798  IMG 7844  IMG 7854  IMG 7878  IMG 7937  IMG 7945  IMG 7966  IMG 7970

 

2021 жылы 4 наурызда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Орталық кітапхана жүйесі» КММ-нің 16 кітапхана-филиалында қарағандылық жазушы Наталья Инжевскаямен «Біз сізге нәзік күлкі тілейміз» атты лирикалық кездесу өтті. / Коворкинг орталығы /. Әйелдер тағдыры туралы әдебиет пен махаббат туралы лирикалық шығармалармен таныстырған «Махаббат ұлы сезім!» - атты кітап көрмесі ұсынылды. Наталья Инжевская әйел жанының пердесін ашып, кітапхана оқырмандарын өзінің жұмысымен таныстырды - ол өлеңдерін оқыды, өлеңдеріне әндер жазылған бейнеклиптерді көрсетті.Кітапханаға бірегей кітаптар сыйлады - Н.Инжевская «Менің қалам» сериясы - «Музыканың сиқырлы дыбыстары» (Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік туралы), «Өнер және қайта түсіндіру туралы», «Талант және оны жүзеге асыру», « Орган қуантады », бұл кітапханалық өлкетану қорын лайықты түрде толықтырады. Бір демде өткен шарадан кейін оқырмандарға өз қолтаңбасы бар кітаптар сыйлады. Барлығы Н.Инжевскаяға алғыстарын білдіріп, тағы бір кездесу ұйымдастыруды өтінді.

Құрметті оқырмандар, 2021 жылы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» өлеңіне 80 жыл толады. Осыған байланысты сіздерге өлең жолдарынан поэтикалық вернисажды ұсынамыз. 1941 жылы 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда ақын Жамбыл Жабаев қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Мәскеу, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/8041
#поэтическийвернисаж #жамбылжабаев175жыл #Ленинградтық_өрендерім #ленинградцыдетимои #поэзияәлемі #өлеңоқу #кітапханаұсынады #6кітапханафилиалы

Байқау

Серік Сағынтай

Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры "Қасым" республикалық әдеби - қоғамдық журналының Бас редакторы, ақын, жазушы, бірнеше кітаптардың авторы Серік Сағындайдың "Көктемнің мөлдір тамшысы" атты шығармашылығына арналған қалалық байқауға қатысуға шақырады. 

Осы сілтеме арқылы байқау ережесін оқи аласыздар

Бүгін кино және театр әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, қазақтың «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешованың туған күні.
Құттықтаймыз! ⠀ #қызжібек #меруертөтекешова #актриса #70жас

Яндекс.Метрика