Серік Сағынтай
11 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ақтогай ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қоңырат ауылында Қазыбек Нүржанов атындағы орта мектепті, 1997жылы Жезқазғандағы О.Байқоңыров атындағы университеттің тарих-шет тілдер факулътетін тәмамдап, Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» («Тоқырауын тынысы») газетіне әдеби қызметкер болып орналасқан. 2000 жылдан Балқаш қалалық «Балқаш өңірі» газеті редакторының орынбасары, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, облыстық «Балқантау» газетінің Бас редакторы, республикалық «Айқын», «Алаш айнасы» газеттерінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы. 2003 жылы «Шабыт» Халықаралық фестивалінде жүлделі 1-орынды иеленген (әдебиет номинациясы, проза). 2005 жылы «Зерде» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық жыр мүшәйрасының бірінші орын жүлдегері. 2009 жылы Жаңаарқа ауданының 80 жылдығына, Жазушылар одағының 75 жылдығына арнап өткізілген республикалық мүшайрада 2-орын иеленген. Облыстық, республикалық жыр додаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. «Жазу», «Фәни-қүс» атты өлеңдер жинағы, «Қарға» атты әңгімелер жинагы жарық көрген.
Әдебиеттер тізімі:
Майбас,Т., Сағынтай,С. Шығармалары: [Мәтін]/Төрехан Майбас, Т., Серік Сағынтай.- Астана: Фолиант, 2011.-320 б.
Сағынтай С. Жазу [Мәтін] / Серік Сағынтай.- Астана -2007.-90 б.
Сағынтай, С. Қарға: Әңгімелер [Мәтін] / Серік Сағынтай.- Астана: Профи Медиа, 2011.- 144 б.
Сағынтай, С. Құс қайтару: Өлеңдер [Мәтін] / Серік Сағынтай.- Алматы: Айғаным, 2015.- 190 б.
Сағынтай, С. Көктемнің мөлдір тамшысы: Әңгімелер мен хикаяттар [Мәтін] / Серік Сағынтай .- Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2019.- 112 б.